Қайырымдылық ізгіліктің көрінісі

Қайырымдылық ізгіліктің көрінісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. 

Құран Кәрімде Алла Тағала:

«(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)», - деген.

Жомарттық Пайғамбарымызға (с.ғ.с) тән қасиет екені барша мұсылманға белгілі. Осы жолды ұстанып, Тараз қалалық «Зекет» корпаративтік қорының мүшесі Талғат Асанұлы мен «Өркениет» қоғамдық қоры бірлесе отырып қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.Әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасына (әр отбасына 12000тг) азық-түлік таратылды.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін  ұмытпайық. Бес күндік фәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетімдерге аса көңіл бөлейік. 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: