Сауат ашу курсының бірінші кезеңі аяқталды

Сауат ашу курсының бірінші кезеңі аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде, жазғы сауат ашу курсының бір айлық  бірінші кезеңі тамамдалып, әйелдер-қыздар секторы ұстаздарының және іс-тәжірибеден өтіп жатқан медресе білімгерлері ұйымдастыруымен «Мен Құранды жақсы көремін» атты бағдарлама өтті.

Бір ай бойы алған білімдерін шәкірттер көрермендер мен ата-аналарына ұсынды. «Намаз бізге нығмет» тақырыбында көрініс көрсетіліп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат және Аллаһтың 99 көркем есімдері айтылды.

 «Құранды оқыңдар, Құран бізге  Аллаһтан нығмет»  деген аяттарды қазақша жатқа айтып, «Бақытты үмметтің ұлы да өнегелі Пайғамбары» деген өлең шумақтарын оқыды. Жиын соңында ата – аналар ұстаздарға алғыс білдірді. Аллаһ Тағала екі дүниемізді Құранмен нұрландырсын!

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: