Наиб имам дін саласында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Наиб имам дін саласында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» мекемесінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі  бағыт-бағдарларын насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы шеңберінде «Жаңа Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25-27 маусым аралығында Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарының орталықтарында және елді-мекендерінде ауыл тұрғындарымен кездесулер, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізілді. Кездесуге арнайы теолог-дінтанушы Аманбаев Ержан Маханұлы шақырылып, тұрғындарға дін саласында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жобаны жүзеге асыру барысында аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілумен қатар, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына маман тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, ұсыныстары қабылданды.

Аудан орталықтарымен елді-мекендерде іс-шаралар аудандық ішкі саясат бөлімі және ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесе ұйымдастыруымен өткізілуде. Алдағы уақытта жоба аясында облыстың басқа да аудандарында әлеуметтік жоба аясында  түсіндірме жұмыстары жалғасатын болады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: