Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері Орталық мешітке саяхат жасады

Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері Орталық мешітке саяхат жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде 2 айлық жазғы сауат ашу курсы әлі де жалғасуда.

Бүгін мешітіміздің  ұстазы Үсенова Зейнептің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсында дәріс алып жатқан 115 қыз бала «Һибатулла Тарази» мешітін аралап, арнайы саяхат жасап қайтты.

Орталық мешіттің наиб имамы Аманбаев Ержан жиналған қыз балаларға мешіттің әдебі, тәртібі, сонымен қатар қыз балалар мен әйел кісілердің мешітке келу әдебі туралы біраз ақпарат берді. Сондай-ақ мешітте имам жамағатпен қай жерде намаз оқиды, мінбер не үшін керек , т.б. сұрақтарға жауап берді.  

«Нұр-Мүбарак» университеті мен  «Үшқоңыр» медресесінен орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне арнайы тәжірибеден өтуге келген студент қыздар мешіт ұстазы Үсенова Зейнептің жетекшілік етуімен осы іс-шараны өткізуге көмектесті.

Шәкірттердің мешітке саяхаты барысында  біраз ақпараттан хабардар болып, мешіттің ішінде, ауласында естелікке суретке түсті.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: