Жазғы сауат ашу курсының шәкірт қыздары облыстық драма театрда

Жазғы сауат ашу курсының шәкірт қыздары облыстық драма театрда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің жазғы сауат ашу курсының шәкірт қыздары  облыстық драма театрға барып қайтты.  

Мамыр айының ортасында басталған жазғы сауат ашу курсы бағдарламасының жарым белінен асқан шәкірт қыздарға таным көкжиектерін кеңейтіп, қаламыздың  тарихы тұнған театрдың жұмысын тамашалау үшін ұйымдастырылған бұл саяхат расымен де олжаға толы болды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі, мешітіміздің ұстазы Үсенова Зейнептің ұйымдастыруымен өткен аптада шәкірттер орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне саяхат жасап, мешіт тәртібі мен әдебіне қатысты көптеген ақпарат алған болатын. Үнемі жаңашылдық танытатын Зейнеп ұстаз шәкірттерді осы жолы облыстық драма театрға  алып баруды жөн көрді.

Театр қызметкерлері де бала қонақтарды құшақ жая қарсы алып, театр тарихы жайлы баяндап, сәби көңілдерге ұлттық құндылықтарымызды сіңіре білді. Шәкірттер театрда өтіп жатқан қойылымдарды тамашалап, көңілді тарқасты.

Жамбыл облыстық драма театры сахнасында 1938 жылдан бастап әр түрлі жанрдағы 320 спектакль қойылған. Бүгінгі күнде театр өз көрермендерін жаңа қызықты жұмыстарымен қуантуды жалғастырып келеді.

Айта кетейік, облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсына биылғы жылы 115-ке жуық оқушы қыз балаларды қабылданған болатын. 7 мен 15 жас аралығындағы жеткіншектер бір айға созылатын жазғы курс аясында «Құран әліппесі» және «Имандылық әліппесі», «Дұға» және «Әдеп» сабақтары бойынша дәріс алып, діни сауат ашып шығатын болады.

Сондай-ақ, оқушыларды ынталандыра түсу мақсатында осындай танымдық саяхаттар өткізілетін болады.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: