Т.Рысқұлов ауданында Құран жарысы өтті

Т.Рысқұлов ауданында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының бастамасымен  «Көгершін ауылдық »мешітінің имамы Ерметов Қайраттың  ұйымдастыруымен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Құран жарысы  өтті.

13 – жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысқан айтулы сайысқа ауылымыздың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар жарыстың жоғары деңгейде өтуіне өз септігін тигізді.

Сайыстың шарты бойынша қатысушылар қасиетті Құрани Кәрімдегі соңғы 30 пара және «Духа» және «Нас» сүрелерінің аралығындағы сүрелерді жаттап келуі тиіс болатын. Мықтылар жиналған бұл  бәйгеде  30 парадан 1 – орын Рәтбек Дінмұхаммедке,  2 – орын  Қожахметов Илясқа, кезекті  3 – орын  Мырзахметов Ахмедке  тиесілі болды.

Ал жарты пара арасына 1-орын Исмайл Илясқа, 2-орын Бектұрғанов Абдусамадқа, 3- орын Айтқазиев Сұлтанға бұйырды.

Сонымен қатар қыздар арасында 1-орын Сингатулина Зейнеп, 2-орын Тілеужан  Әмина, 3-орын Орман Рабиа иеленді.

Сондай- ақ, сəл ғана басымдылықпен ұтылып қалған қатысушыларға  ынталандыру сыйлықтары берілді.

 

Мейірханов Әбілда,

 зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: