Есте қалған дәріс

Есте қалған дәріс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде әжелер жамағатының дәрісі ерекше оқиғамен есте қалды. Алланың қалауымен мешіт табалдырығын аттаған Нұр ханым (Есімі Света), Ислам нығметімен қауышты.

Нұр апайымыз «Калима Таухид», «Калима Шаһадат» сөзін айтып, мұсылмандығын жариялады. Апаларымыз дін бауырымызға жаңа есім беріп, ескі есімі Света, арабшадан аударып Нұр деп атады, «Аллаһтың нұры жаусын» деген тілектерін жаудырып, жақсы лебіздерін білдірді.

«Лә Иләһа Иллә Аллаһ  сөзінен  ерекше әсер алдым, жүрегім жеңілдік сезді»,-  деп Нұр апайымыз көзіне жас алды. Мешіт ұстаздары Нұр ханымға исламның асыл шарттарын түсіндіріп, Мұсылман ханымның дүние және ахиретінің тәжі болған ақ жаулықты сыйға тартты. «Мешітіміздің есігі сізге әр дайым ашық» деген қуанышпен шығарып салды.

«Аллаһ тағаланың жәрдемі келгенде адамдардың топ тобымен Исламға келгенін көресің»  деген Құран аятының ақиқаты тағы бір көрініс тапқандай.

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: