Мысырлық ұстазға құрмет көрсетілді

Мысырлық ұстазға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресесінің білікті ұстазы, мысырлық Сүлейман Саид мырзаға құрмет көрсетілді.

Қасиетті Рамазан айында «Кеңесхан қажы» мешітінде бір ай бойы тарауих намазында Құран Кәрімді толық хатым етіп, жамағаттың ықыласына бөленгені үшін мысырлық ұстаз Сүлейман Саидты орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы алғыс хатпен марапаттаса,   «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қазақы салтпен иығына шапан жауып, алғыстарын жеткізді.

Сүлейман Саид мырза «Һибатулла Тарази» медресесінде үш жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан білімді де, білікті, шәкірттерге берері көп ұлағатты ұстаздардың бірі.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: