Байзақ ауданының тұрғындары Қадір түнін қарсы алды

Байзақ ауданының тұрғындары Қадір түнін қарсы алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде ауыл тұрғындары Қадір түнін жамағатпен бірге өткізді. Мешіттің ауласында ауыз бекіткен жандарға үлкен дастархан жайылып, 300 адамға ауызашар берілді. 

Тарауих намазында соңғы Құран хатым дұғасы оқылып, дүниеден өткен марқұмдарға бағышталды. 

«Байзақ баба» мешітінің найб имамы Каримбаев Айбек Қадір түнінде Рамазан айының қадірі мен қасиетін, қадір түнін құлшылық, ғибадатпен өткізудін абзалдығы жайында уағыздар айтты. Қадір түнінде мешітте жиналған жамағатқа «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы тәттілер таратып, сұрақ – жауап ойынын ұйымдастырды. Дұрыс жауап берген адамдарға жүлделі сыйлықтар берілді.

Осы іс – шараларды ұйымдастырған Азизов Рамиз қажыға ақсақалдарымыз батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

 

«Байзақ баба» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: