«Кеңесхан қажы» мешітіндегі Қадір түні

«Кеңесхан қажы» мешітіндегі Қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде Қадір түні Құптан мен Тарауих намаздарын оқумен басталды. Алланың хаты Құран кәрім хатым етіліп, батасы берілді. Мысырлық қари Сүлейман Саид пен Жұмағұл Қанат хатымның батасын араб және қазақ тілдерінде оқыды.

«Һибатулла Тарази» медресесі директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы арнайы келіп, Қадір түнінің қасиеті туралы уағыз жүргізді.

Сондай-ақ, Бас имам мешітіміздің бірнеше жанашыр азаматтарына рахметін айтып, алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Жамағатқа берілген еркін құлшылық уақыты бітісімен имамдар жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Көпшілікке «Фиқһ», «Сира», «Ақида» пәндері мен ұлттық құндылықтар туралы викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.

Жамағат қасиетті Қадір түні дұғаларын оқып, жасалған ғибадаттар мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатын түнді құлшылықпен өткізуге тырысты. Жиын соңында сәресі дастарханы жайылып, жамағат мешіттен ауыз бекітіп, таң намазын оқып, тарқасты.

Құран түскен Қадір түніндегі құлшылықтарымыз қабыл болсын!

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің  Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: