«Жанға жылу сыйла» акциясы аясында қайырымдылық жасалды

«Жанға жылу сыйла» акциясы аясында қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының «Айсұлу ана», «Құлбай баба» мешіттерінің ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы «Зекет қоры»  мен «Өркениет» қоғамдық қоры бірлесе отырып, «Жанға жылу сыйла» атты акциясы аясында 105 тұрмысы төмен, көп балалы отбасына 3 тоннадан 360 тонна көмір тегін таратты.

Бұл қайырымдылық іс-шараға қала әкімі Ғалымбек Райылұлы қатысты. Келешекте ҚМДБ-ның облыстық «Зекет»  қоры аз қамтылған жанұяларға азық-түліктей де көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: