Шу қаласында Қадір түні аталып өтті

Шу қаласында Қадір түні аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының ішіндегі 27-түні Қадір түні, Қадір түні мың айдан қайырлы. Алла Тағала қасиетті Құранда арнайы «Қадр» сүресінде баяндаған. Иісі мұсылман жамағаты  Қадір түнін қадір тұтып, құлшылық ғибадатпен өткізуге тырысып бағады. Шу қаласының жамағаты да бұл қасиетті түнді жоғарғы дәрежеде қарсы алды.

Кешкі тарауық намазының алдында мешітке лықа тола жамағатқа Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жарты сағат Қадір түнінің қадірі мен қасиеті жайында уағыз  жүргізді. Құптан намазынан соң мешітке келушілірге арнайы дайындалған бағдарлама тарауих намазында хатым түсіріп жатқан қари Мұхаммед қаридың қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды.  «Жәми» мешітінің ұстазы Қалиев Нұржан жүргізіп, алғашқы сөзді қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлына берді.

Бас имам жиналған жұртты Қадір түнімен құттықтап, алдағы уақытта да көптеген айтулы күндерде жүздесуді Алладан тіледі.

Сондай-ақ мешіт ұстазы жамағатқа дайындалған викториналық діни сұрақ-жауаптар ұйымдастырып жауап бергендерге арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар Қадір түнінің құрметіне кешке ауызашарда 200 адамға, ал сәресіде 400-ден астам жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: