Еңбек ардагерлеріне ауызашар берілді

Еңбек ардагерлеріне ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Жұмағұлдың шақыруымен облыстық және қалалық ардагерлер кеңесіне мүше 50 кісі мешіттен ауыз ашты. Жиында мешіт Бас имамы Қанат Әділханұлы сөз сөйлеп, елеулі еңбегімен танылған еңбек ардагерлеріне алғысын білдірді.

Бас имам «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбы төңірегінде жамағатқа уағыз-насихат айтты. Келген қонақтар қала имамына разылықтарын айтып, бата беріп тарқасты.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: