Қадірлі Қадір түні Т.Рысқұлов ауданында

Қадірлі Қадір түні Т.Рысқұлов ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Маусымның  11-нен 12-не қараған түні Т.Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінде Қадір түні аталып өтті. Ораза ұстаған қауым мешітте  жиналып, содан соң тарауих намазын оқыды.

Үлкендерден бөлек, қасиетті түнді мешітте күтуге жасөспірімдер мен жастар да көптеп келді. Жамағатпен бір қатарға тұрып, намаз оқылып, Құраның 30-парасы хатым етіліп, қариларға қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жапты. 

Ауданың Бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы қасиетті түннің ерекшелігі жөнінде, Отанымызды сүю – имандылықтан екендігі және Аллаға деген құлшылықтың адам баласын бақытты ететіні жайлы уағыз-насихат айтып, барша халықтың қасиетті түндегі тілек-дұғалары қабыл болуын сұрап, дұға етті. 

Бұл түні үлкен залда викториналық сұрақтар қойылып, жауабын тапқандарға сыйлықтар табыс етілді.

 

Әбілда Мейірханов

зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: