Психиаторлар мұсылмандардың тыйымының дұрыстығын дәлелдеді

Психиаторлар мұсылмандардың тыйымының дұрыстығын дәлелдеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Темекі тарту – адам психикасына кереғар әсер етеді. Финляндия ғалымдары темекі шегу мен психикалық күйзелістер арасындағы байланыстың бар екенін дәлелдеген.

Фин ғылыми академиясы жүргізген зерттеулер анықтағандай, күніне тартылған 10 дана темекі психикалық бұзылуға әкеліп соғатын көрінеді.

Ең алдымен, қауіп-қатер тобына кіретіндер – жас кезінен бастап темекі тартатындар. Ұзақ уақыт бойы темекі тарту, ғалымдардың пікірінше, тек жүрек-қан тамырлар жүйесінің, ас қорту ағзасы дертіне ұшыратып қана қоймайды, сондай-ақ, бас миының қайтымсыз өзгерулеріне де әкеліп соғады.

Бірнеше ондаған жылдар бойы зерттеушілер үнемі медициналық байқаудан өтіп жүрген алты мыңдай темекі тартатын адамдарды бақылауда болған.

Зерттеулер көрсеткендей, уақыт өте келе олар жүйке олқылықтарынан, сондай-ақ, шизофрения, деменция сияқты ауыр психикалық аурулардан зардап шегетін болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: