Бірінші әйелінің рұқсатынсыз неке құрғандар түрмеге қамалады

Бірінші әйелінің рұқсатынсыз неке құрғандар түрмеге қамалады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысырда көп әйел алудың түп тамырына балта шабылады. Бірінші әйелінің келісімінсіз екінші әйел алған ер адамдар түрмеге қамау жазасына тартылуы тиіс. Осы мәселеге қатысты Мысыр парламентінің депутаты Абла Хавари тиісті заң жобасын қабылдауды ұсынуда.

Құжаттың әзірленген жобасына сәйкес осы құқық бұзушылық орын алғанда, 6 ай түрмеге қамау түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.

«Көп некеліліктің көзін құрту қажет, алайда ол толықтай құртылмағанша, біздің міндетіміз – ең кем дегенде, бірінші және екінші әйелдерді қорғайтын бақылау механизмін құру», – делінген БАҚ өкілдері келтірген дәйексөзде.

Депутаттың сөзіне қарағанда, Мысырда әйел күйеуінің жалғыз әйелі еместігін, ал балалары өзге да аға-қарындастарының бар екенін біле бермейтін жағдайлар көптеп кездесуде. Ері қайтыс болып, мұраны бөлу кезінде ғана күйеуінің екінші отбасы табылып, мәселелер туындайтын көрінеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: