Сауд королі сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құрды

Сауд королі сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құрды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

САК королі жемқорлықпен күресті күшейтуде. Сауд Арабияның Бас прокуратурасында жемқорлықпен күресетін арнайы бөлімдер құрылды. Сәйкесінше жарлыққа король Салман бен Абдел Азиз әл-Сауд қол қойған.

Бұрында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік қызметтегі қылмыс бөлімдері жүргізетін болған. Жаңа арнайы бөлімдердің құрылуы жемқорлыққа қатысты істерді сапалы әрі жылдам уақытта тексеруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қарашасында корольдікте жемқорлықпен күрес Жоғары комитеті өз жұмысын бастаған болатын. Бұл комитетті мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман басқаруда.

Тексеру барысында бірден ондаған жоғары лауазымды шенеуніктер мен король отбасының мүшелері ұсталған.

Үстіміздегі жылдың ақпанында Washington Post газетіне берген мұрагер ханзада Сауд Арабияны «талықсытпалы химия емін қажет ететін обыр дертіне шалыққан денеге» теңеген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: