Татарстан мүфтиі тұңғыш мұсылман телеарнасын таныстырды

Татарстан мүфтиі тұңғыш мұсылман телеарнасын таныстырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Татар-информ» ақпараттық агенттігінде «Хузур ТВ» мұсылман телеарнасының  тұсаукесері болып өтті.

Журналистердің сауалдарына ТР мүфтиі Камил хазірет Самигуллин, ақпараттық саясат жөнінен ТР мүфтиінің кеңесшісі Ришат Хамидуллин және «Таттелеком» маркетинг директоры Александр Смирновтар жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап ТР МДБ «Хузур» Баспа үйі Татарстан Республикасы аймағында «Хузур ТВ» телеарнасының сынақтық трансляциясын IPTV «Таттелеком» желісінде жүргізіп келеді. Сондай-ақ, huzurtv.ru сайтында аталмыш телеарнаның ғаламтор арқылы трансляциясы іске қосылған.

«Хузур ТВ» тұжырымдамасы тәулік бойы діни-ағарту бағдарламаларын орыс және татар тілдерінде жүргізуге негізделген.

Арнаның мақсатты аудиториясы – мұсылман үмбеті өмірінің басты оқиғаларына қызыға қарайтын 5 жастан 95 жас аралығындағы этникалық мұсылмандар әрі дінді енді ұстанып жүргендер.

«Хузур ТВ» – бұл біздің мінберіміз, - деп атап өтті Камил хазірет Самигуллин. – Телдидар экраны арқылы біз діни білім, рухани құндылықтарды таратуды және қоғамды төзімділікке тәрбиелеуді жоспарлап отырмыз. Телеарна контентін жетілдіруде бірігіп жұмыс жасауға шақырамын әрі осыған байланысты кез-келген ұсыныстарға қуанышты боламыз.

Баспасөз конференциясында діни секталар мен ағымдарды әшкерелеуге, ұлтаралық және дінаралық проблемалардың алдын-алу, сондай-ақ, халықты отансүйгіштікке тәрбиелеуге аса көңіл бөлінітені тілге тиек етілді.

Перспективалық торда біліми, ақпараттық-талдау, ағарту, ойын-сауық бағдарламалары, сондай-ақ, медицинаға, отбасылық құндылықтарға, балаларды тәрбиелеуге, мұсылман сәніне, саяхаттарға, Ислам ғылымына, тарихқа, құқықтануға, географияға, халық медицинасына және т.б. арналған хабарларды тарату жоспарлануда.

Ришат Хамидуллиннің айтуынша, бүгінгі күні телеарна ұжымында 12 адам қызмет етуде. Тағы да 10 маманды - журналистерді, операторларды, монтаждаушыларды жұмысқа тарту көзделіп отыр.

Жұмыс ізденушілерге қойылатын талаптар – кәсіби тәжірибенің болуы, татар және орыс тілдерін жетік білуі, сондай-ақ, Ислам негіздерінен хабары болуы тиіс. Мүфти кеңесшісі Татарстан және Ресейдің өзге де аймақтарындағы әріптестеріне «Хузур ТВ» телеарнасына өз бағдарламаларын трансляция жасауға бергені үшін алғысын жеткізді.

«Таттелеком» маркетинг директоры Александр Смирнов айтқандай, республикада компанияның кабельді хабар тарату қызметін шамамен жарты миллиондай ауылшаруашылығы тұтынады екен.

Татарстан бойынша, IP-телевидение қызметін тұтынатындардың саны - 80% құрайды. Ал кабельді телевидение – ТР 20 ірі қалаларын қамтыған.

Қазіргі таңда «Хузур ТВ» телеарнасының БАҚ тіркеу туралы куәлігі рәсімделу үстінде әрі жеке YouTube каналы іске асқан. Ғаламтор-каналындағы тұрақты жазылушылар саны шамамен 170 мың адамды құрайды.

Кейбір бағдарламаларды 2 айда 1,5 миллионнан артық адам көрген.

Сондай-ақ, татар және орыс тілдерінде бағдарламалар жасау қолға алынған, шет ел өндірушілерімен бағдарламаларды аударуға, дубляждауға, трансляциялауға құқық алу үшін келіссөздер жүргізілуде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: