Мұсылмандарға қарсы наразылықты тексеруді қолға алды

Мұсылмандарға қарсы наразылықты тексеруді қолға алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шри-Ланкада төтенше жағдай енгізілген. Аталмыш елдің орталық аудандарында орын алған мұсылмандарға қарсы наразылықтарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде президент Майтрипала Сирисена жариялаған.

Жергілікті БАҚ ақпараттарына сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан үш адам қаза тауып, жиырмадай адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Сонымен қатар, мұсылмандарға тиесілі екі жүзден аса үйлер мен сауда үйлері қирап, 11 мешіт бүлінген.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада бірнеше күнге созылған мұсылмандар мен буддистердің қақтығысынан кейін Шри-Ланкада төтенше жағдай енгізілген болатын.

Тәртіпсіздіктің себебі – болжаулы түрде айтқанда, мұсылмандардың 41 жасар ер адамды ұрып өлтіргені болып отыр.

Шри-Ланка парламент спикері Лакшман Кириелланың айтуынша «Шиеленісу жасанды түрде арандатушылардың жасап отырған ісі».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: