Жамбыл ауданында жаназа мен жерлеу рәсіміне қатысты имамдар жиналысы өтті

Жамбыл ауданында жаназа мен жерлеу рәсіміне қатысты имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі облыстық мешітте қала және аудан бас имамдарының алқалы жиналысын өткізіп, онда мешіт жұмыстарын жандандыруға байланысты бірқатар бағыттар бойынша тапсырмалар берген болатын. Осыған орай,  Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы тапсырылған жұмыстарды жүзеге асыруға қатысты Жамбыл ауданындағы ауылдық мешіттердің молдаларымен бас қосып, арнайы жиналыс өткізді.

Діни рәсімдерді бірізділікке түсіру мақсатында бірауыздан  мынадай шешімдер қабылданды: Марқұмның жетісін, қырқын, жылдық асын т.б. өткізу мерзімі марқұм жерленген күннен бастап есептеледі. Аталған рәсімдерді уақытында жеткізіп не жеткізбей беру марқұмның туыстарының еркіне қалдырылады. Дастархан жаюда ысырапшылдыққа жол берілмейді. Марқұмның әруағына Құран бағыштау, дұға оқу – жерлеу рәсімінен кейін орындалады. Марқұмға қонақ асы берілмейді. Қабір басында ақша, шапан т.б. таратылмайды. Имам жаназа намазы алдында 5 минуттай, ал қабір басында толыққанды уағыз айтады. Қайтыс болған мәйітке мейрам суы беріледі, яғни алғашқы тазалық ретінде іш дәреті алынады. Туысқандарға марқұмның мәйіті жуылмай тұрып көруге рұқсат етіледі. (Гигиеналық сақтық шараларына байланысты марқұмның туыстарына мүмкіндігінше мәйітті сүймеу керектігі ескертіледі). Имам мәйітті кешіктірмей жерлеуге ат салысуы керек. Имамдар жұмыс формасын сақтау керек.

Сонымен қатар, мешіттің ішкі тәртібіне қатысты имам-молдалардың ақшам – бесін намаздарында мешітте болу керектігі ескертілді. Мешіт ережесін, мешітке тазалығын сақтап, мешіт айналасына ағаш отырғызу және т.б  тапсырмалар берілді.

                                                             Тұрсынбек Қайсарұлы, «Бәйдібек» мешітінің ұстазы                                                                           

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: