Бас имам Елбасы анасының ауылдастарымен жүздесті

Бас имам Елбасы анасының ауылдастарымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы жоспарға сәйкес алтын құрсақты, Елбасы анасының туған ауылы Әлжан ана ауылынының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу жаңадан күрделі жөндеуден өткен ауылдық мәдениет үйінде өтіп, ауыл ақсақалдары, орта буын ағалары, мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Кездесу тақырыбы «дін, ұлттық тәрбие және отбасы» тақырыбы аясында болды. Бас имам  имандылық тақырыбында уағыз айтып, ауыл тұрғындарын ынтымақ пен ауызбіршілікте болуға, қазіргі дағдарыс жағдайында көп сауапты істер жасап,  Аллаға құлшылық етуге шақырды. Діни рәсімдердегі бір ізділікке көшу, ысырапшлықтан алыстау, мәселесінде бас имам көтеріп, ауыл ақсақалдарына ұсыныс тастады, барлық ұсыныстар ақсақалдар тарапынан қолдау тапты. Д.Жандосұлы ауыл тұрғындарына биылғы 2018 жыл ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ұйғарымымен «Ислам және отбасы» жылы болып бекітілгенін айтып, отбасылық қарым-қатынастарда мейірімділік, кешірімділік жөнінде көп насихат жасауды, осы жыл аясында ауқымды бірлесе жұмыстар атқаруға шақырды. Әрине осындай кездесуде жат ағымдар жайлы ақпарат беру мүмкіндігін тиімді пайдаланған имам, теріс ағымдар туралы ақпарат беріп, жиналған жастарға олардан сақтану жолдарын түсіндіре кетті.

Ауыл тұрғындары мен намазхандар да өздерін толғандырған сауалдарын қойып  жатты. Бас имам Ислам дінінің жақсылықтары мен имандылықтың адам баласына беретін пайдасы туралы әңгімелеп берді.  

 «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: