Қазақ киіз үйі мен жабдықтарының ерекшеліктері түсіндірілді

Қазақ киіз үйі мен жабдықтарының ерекшеліктері түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінде, "әйелдер қыздар секторының" ұйымдастыруымен "Ата мұрасы мұрағатта қалмайды" атты ұлттық тәрбиелік, ашық сабақ өткізілді.

Ата мұрасы болып келе жатқан қазақ үйді негізге ала отырып, апа - аналарымыздың шеберлік мектебінің терең сырлары айшықталды. Киіз үй жиһаздары мен нақыштардың сыры айтылған  дәрістің асыл мақсаты, аналар шеберлігімен ұрпақ тәрбиесін нәрлендіре білу.

Бір қарағанда әдемі сызықтар болып көрінген ұлттық оюлар мен нақыштардың көшпелы халқымыздың өмірі мен болашақ ұрпаққа үндеуінің терең мағынасы текті, парасатты, ұлағатты тамырымыздың айғағы болды.

Дәріс соңында, сабағымыздың қонағы облыстық "әйел-қыздар секторының" басшысы Үсенова Зейнеп өз сөзінде елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан сөз етіп, Ана парасаттылығы ұрпақ тектілігінің кепілі екенін айтып, ұйымдастырушы мешіт ұстаздарына алғыс білдірді. Асыл мұрамызды ұрпаққа жаңғырту әрбіріміздің міндетіміз деген үндеулермен мешіт ұстаздары, жамағатты дастарханға шақырды.

 «Кеңесхан» қажы мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: