Жаназа және жерлеу мәселесінде ысырапқа жол бермейік

Жаназа және жерлеу мәселесінде ысырапқа жол бермейік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ауданымыздың  бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Ақыртөбе ауылдық мешітінде ауыл ақсақалдарыменжаназа және жерлеу мәселесіне қатысты ысырапшылдыққа,  бәсекелестікке жол бермеу жөнінде   кездесу өткізді.

Ақыртөбе ауылдық мешітінде келелі басқосуды осы кездесуді ұйымдастарушы мешіт молдасы БатырНүрпейсов  ашып, бас имам Сұлтаншәріп қажыға сөз берді.

Бас имам тарапынан айтылған ұсыныс аудан жұртшылығы тарапынан қолдау тапқандай болды. Сонымен қатар, жаназа төңірегіндегі алып қашпа әңгімелерді де реттеу қажет екенін және ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері»  атты пәтуа кітабын әр ауыл мешіттеріне үлестірілгенін де айтып өтті.

Шариғат барша мұсылманға ортақ, жаназа пәтуасы ел мұсылмандарына ортақ ереже. Сондықтан ҚМДБ бекіткен пәтуа бойынша жерлеу рәсімдерін атқару, бірізділікке түсіру қажеттігін түсіндірді. Ақсақалдар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Жиналыс соңында ақсақалдар бас имамға алғыстарын айтып, тарқасты.

Әбілда Мейірханов, зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: