«Аяулы ана, Асыл жар, Ерке қыз!» атты іс-шара өтті

«Аяулы ана, Асыл жар, Ерке қыз!» атты іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы бекіткен «Ислам және отбасы» жылы аясында  Исламдағы әйел адамның ролін паш ету мақсатында мешітіміздің  әйел жамағаты арасында «Аяулы ана, Асыл жар, Ерке қыз!» атты ауқымды іс-шара болып өтті.

Іс-шара барысында нәзік жандылардың діни білімдерімен бақ сынасып, ұлттық тәрбиенің маңыздылығын қалыптастыру үшін білімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп бергендей болды.  Әділқазылар алқасы өз лайықты бағаларын берді.

Ислам тарихындағы әйел адамдардың атқарған ерен еңбегі, әйел адамның отбасындағы маңызды қызметін көрсету үшін де арнайы қойылымдар қойылып, жиналған жамағат тарихтан бір сусындап қалды.

Сауат ашу курстарының шәкірттері арасында Алланың әмірі орамал тағудың әр түрлі сән үлгірін көрсету бойынша да жарыс өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Сауапты іс-шара ата дәстүрге сай дастархан  жайылды.  

 «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: