«Әулие ата» мешіті аналарға қайырымдылық жасады

«Әулие ата» мешіті аналарға қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қалалық «Әулие ата» мешітінің имамы Ораз Баймахановтың бастамасымен аналарға қайырымдылық жасалды.

«Әулие ата» мешітінде әйелдер мен қыз балаларға ұстаздық қызмет атқарып жүрген Мусаева Фатима ұстаздың ұйымдастыруымен, «Әйелдер қыздар секторы» көп балалы, жалғыз басты, жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктей көмек берді. Дәлірек айтатын болсақ, оларға сәбіз, пияз,  макарон,  күріш,  шекер,  сұйық май және киім-кешек таратылды. 

Көңілі жабырқау аналарға мешіт имамы Ораз Баймаханов әсерлі уағыз айтып, ол кісілерге дәреттің маңызы туралы айтып, ғибадат, Аллаға құлшылық жасау, барлық нәрсені Алладан дұға тілеп, сұрауға шақырды. Жәрдем алған аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: