Мұсылман күнтізбесі бойынша жаңа ай басталды. Бұл айдың қандай мәні бар?

Мұсылман күнтізбесі бойынша жаңа ай басталды. Бұл айдың қандай мәні бар?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылманша жыл санау дәстүрі ай күнтізбесі бойынша жүргізіледі, дәлірегінде, біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мединеге қоныс аударған – хижрасынан бастап есептеледі.

Мұсылман күнтізбесі 354 немесе 355 күннен тұратын 12 айды құрайды. Мұсылман ай күнтізбесінің айлары:         1. Мұхаррам. 2. Сафар. 3. Рабиғ-әл-әууәл. 4. Рабиғ-әс-сәни немесе Рабиғ-әл-ахир. 5. Джумад-әл-улә немесе джумад-әл-әууул. 6. Жұмад-әл-ахир немесе жұмада әс-сәни. 7. Режеп. 8. Шағбан. 9. Рамазан. 10. Шәууәл. 11. Зұл-қағда. 12. Зұл-хиджа.

Григориан күнтізбесі бойынша, 16-шы ақпан күнгі күн батудан бастап мұсылман күнтізбесіндегі алтыншы ай - Жұмад әс-сәни басталды. Бұл ай несімен қызықты әрі мәнді? Осы айдың басқа атауы – Жұмад әл-ахир деп аталады. Айдың атауы арабтың «қуаңшылық», «құрғақ жер» деген сөздерінен шыққан, өйткені бұл айда қатты құрғақшылық болатын. Аталмыш ай 29 күннен тұрады.  

Жұмада әс-сәни айынан кейін Режеп, Шағбан және Рамазан айлары келеді. Бұл дегеніміз, алтыншы айдың келуі мұсылмандар үшін бір ескерту болып табылады, өйткені жылдың қасиетті айына дейін үш ай қалды және қазірден бастап осы бағытта рухани жұмысты бастау қажет.

Жұмад әс-сәни айында орын алған оқиғалар

- Осы айда Жәбірейіл періште алғаш рет Алла Тағаланың уахиін Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген.

- Осы айда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бен Хадиша анамыздың (ол кісіге Алла разы болсын) қызы – Фатима дүниеге келген.

- Осы айда Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын сахабасы әрі тақуа халиф – Әбу Бәкір әс-Сыддық бақилық болып, оның орнына Омар ибн Хаттаб (оларға Алла разы болсын) халиф болған.

Құлшылық

Осы айға арналып ұйғарылған ерекше құлшылыққа келер болсақ, ондай құлшылықтың түрі жоқ. Басқа айлардағы сияқты осы айда да мұсылман баласы Алла Тағаланың тыйым салғанынан тыйылып әрі күнәлі істерден аулақ болып, игі амалдарды көптеп жасап және өз құлшылығын табанды түрде жасауы тиіс. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: