Барлық қателіктің 3 түп-тамыры

Барлық қателіктің 3 түп-тамыры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кутада Әнас бин Мәликтен (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Адам баласының әр нәрсесі қартаяды, тек екі нәрседен басқа, олар: сараңдық (ашкөздік) пен келешекке деген үлкен үміт».

Тақуалардың билеушісі Али бин Әбу Тәліп (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқан: «Сендер үшін екі нәрседен қорқамын: келешекке деген үлкен үміт пен нәпсінің айдауымен жүруден. Ақиқатында, келешекке деген үлкен үміт ақиретті ұмыттырады, ал нәпсіге берілу — хақ жолдан тайдырады».

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан: «Мен үш нәрседе үш адамның қамын жеймін: кедейліктен қашып құтылудың жоқ екендігіне қарамастан, бұл дүниеге беріліп, оның соңына түсіп, онымен қиысып кетуден, сондай-ақ, қолы бос болмаушылыққа қарамастан, еркін болудан әрі соңынан қуаныш болмайтын қайғыға қарамастан қуанудан».

Әбу Дарда (ол кісіге Алла разы болсын) Хамас тұрғындарына келіп, былай айтқандығы келтірілген: «Сендер ұялмайсыңдар ма? Сендер өздерің тұрмайтын ғимараттар саласыңдар, өздерің қол жеткізе алмайтын нәрселерге үміттенесіңдер, өздерің қолданбайтын дүниелерді жинайсыңдар. Асылында, сендерге дейінгі адамдар да үлкен ғимараттар салып, көп дүние жинап, келешекке көп үміт артқандардан болған. Ал олардың ендігі мекендері — қабір, үміттері - алдау, жиған дүниелері құрыған». Али ибн Әбу Тәліп (ол кісіге Алла разы болсын) Ғұмар бин Хаттабтың былай айтқанын келтірген: «Әр кез өзіңнің екі досыңды — Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен Әбу Бәкірді (ол кісіге Алла разы болсын) кездестіргің келсе, киіміңді жамап, сандалдарыңды жөндеп, үмітіңді қысқартып әрі тоя тамақ жеме».

Ақиқатында, Әбу Ғұсман Нахди (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқан: «Мен Ғұмардың (ол кісіге Алла разы болсын) киімін көрдім. Оның киімінде он екі жамау болған әрі сол киіммен ол уағыз айтқан».

Күндердің күнінде Али ибн Әбу Тәліптің (ол кісіге Алла разы болсын) үстіне жуылмаған әрі қалың киім киіп базарға келгендігі айтылған. Мұны көрген адамдар оған: «Уа, тақуалардың билеушісі, біраз жұмсақтау киім кигенің жақсы болар еді»,  - дейді. Сонда Али ибн Әбу Тәліп (ол кісіге Алла разы болсын): «Бұл киім  менің жанымның қорқынышы, мүміндерге мұндай киім кию жақсырақ», - деп жауап берген екен. 

Әбу Зарр (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқан: «Мен адамдарды білемін, адамдардың ең тақуасы бұл дүниеден безіп, қорлық көріп өмір сүрген жандар, бірақ олардың анағұрлым жаманы - дандайсығандары болып табылады».

Кейбір данышпандар: «Қателіктердің түп-тамыры үшеу, олар: қызғаныш, ашкөздік және өзін-өзі асқақтату. Тәкаппарлық өзін-өзі асқақтатудың тамыры болып табылады. Сәжде жасамағаны үшін Ібіліске қарғыс айтылған. Ал ашкөздікке келер болсақ, оның түп -тамыры Адам Ата (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) болып табылады. Оған: «Жұмақтағының бәрін жеуге болады, тек мына ағаштың жемісінен басқа», - деп айтылған, бірақ оны Іблістің азғыруы дәл сол ағашқа алып келген, сол үшін Адам Ата (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Жұмақтан қуылған. Ал қызғанышқа келер болсақ, оның бауыры Хабилді өлтірген Адам Атаның (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұлы Кабил болып табылады. Оның мәңгілік орны Тозақ», - деп айтқан.

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: