Пайғамбарымыздың (ﷺ) жамағатпен оқыған соңғы намазы

Пайғамбарымыздың (ﷺ) жамағатпен оқыған соңғы намазы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (ﷺ) Алла Тағаладан:

- Йа, Раббым! Мұсылмандармен бірге намаз оқуым үшін менің жағдайымды жақсарта гөр, - деп тілейді.

Содан кейін ол мына аятты оқиды:

«Алла (Т.) ның әр нәрсеге толық күші жетеді» (3:189).

Содан кейін Пайғамбарымыз (ﷺ) өзін біршама жақсы сезінген еді. Мұндай хал -өлім алдындағы жақсару деп аталады. Ол орнынан тұрып, Фазл бин Аббас пен хазіреті Әлидің (ол кісіге Алла разы болсын) иықтарына сүйеніп, мешітке барады. Әбу Бәкір әс-Сыддық (ол кісіге Алла разы болсын) имамдыққа шығып тұрған жерінен кейінге шегінеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) алдыға өтіп, михрабқа тұрады да жамағатпен бірге намаз оқиды. Содан кейін мұсылмандарға жүзін бұрып отырып, былай айтады: « Уа, мұсылмандар! Дәуріштерге, кедейлерге, жетімдерге және дін үшін жорыққа шыққандарға көмек беріңдер. Мен сендерге өсиет айттым ба? Елшілік миссиямды орындап, пайғамбарлық міндетімді сендерге жеткіздім бе? Хақ жолында бітіспес күрес жүргіздім бе? Сендерге Құран оқымадым ба? Сендерге намаз, ораза ұстау және қасиетті соғыс туралы айтпадым ба?»

Мұсылмандар: « Уа, Алла Елшісі, сен бізге бәрін де айттың! Саған Алла разы болсын, сен мейірімді Пайғамбарсың» - дейді. Осыдан кейін Алла Елшісі () былай айтады: « Уа, мұсылман қауымы! Алла Тағаладан қорқыңдар. Сөзсіз, жуырда мен сендерден кетемін, бұл дүниеге осында қалу үшін келмедім, Алланың жаратқан құлдарын ақиқатқа шақыру үшін келдім.»

Осыдан кейін ол Фазл бин Аббас пен хазірет Әлидің иықтарына сүйеніп, мешіттен шығып, қайтадан Айша анамыздың үйіне келеді.

Алла Тағала Ажал Періштесіне былай бұйырады: «Уа, Ажал Періштесі! Бар да Менің Сүйіктіме сәлем айт, онымен сыпайы бол, өйткені ол Мен жаратқандардың ең жақсысы.»

Ибн Аббас былай айтқан:

- Көркем түрге еніп, жұпар иісі аңқыған Ажал Періштесі жер бетіне түседі. Адам кейпіндегі періште Алла Елшісінің () үйіне келіп былай айтады: « Уа, Пайғамбар отбасының үйі! Уа, пайғамбарлық жауһарының үй-іші! Сендерге Алланың сәлемі болсын! Үйге кіруіме рұқсат беріңдер.»

Мәртебелі Фатима (ол кісіге Алла разы болсын): « Уа, бауырым менің! Саған Алланың рақымы болсын! Өкінішке орай, Алла Елшісі (ﷺ) ешкімді де қабылдай алмайды, - дейді.

Алла Елшісі (ﷺ) дауысы мен айтқан сөздеріне қарап Әзірейілді (оған Алланың сәлемі болсын) танып қояды да:

- Әй, Фатима! Сен кіммен сөйлесіп тұрсың? - деп сұрайды. « Бір адам үйге кіруге рұқсат сұрап тұр,» - дейді Фатима (ол кісіге Алла разы болсын).

Сонда Пайғамбарымыз () былай айтады: « Бұл жай жүрген адам емес. Бұл — рахатты үзіп, адамдарды бір-бірінен айырып, үйлерді күйретіп, қабірлерді толтыратын Ажал періштесі. Мені ақирет әлеміне өзімен бірге алып кету үшін келіп тұр. Уа, Фатима! Аш есікті, кірсін үйге!»

Фатима (ол кісіге Алла разы болсын) есікті ашып, Әзірейілді (оған Алланың сәлемі болсын) үйге кіргізеді.

- Уа, Алла Елшісі, саған Алла Тағаланың сәлемі болсын!

- Саған да Алланың сәлемі болсын, уа, Әзірейіл! Сен менің халімді білуге келдің бе әлде жанымды алуға келдің бе?

- Уа, Алла Елшісі! Сенің жаныңды алуға келдім. Алла сені қинамай жаныңды алуды бұйырды.

- Сенің бауырың Жәбірейіл қайда?

- Ол таяу көкте қалды. Сенің өліміңе байланысты періштелер оған көңіл айтуда.

Алла Елшісі (ﷺ) жылап жібереді, оның жаны қапалы еді.

Мұны көрген Әзірейіл (оған Алланың сәлемі болсын):

- Уа, Алла Елшісі! Алла Тағала сенің еркіңе қарсы жаныңды алма деп бұйырған. Егер қаласаң, әлі де өмір сүре беруіңе болады.

- Ал одан кейінгі менің халім не болмақ?

- Содан кейін өлім дәмін татасың.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: