Өлерінің алдында Пайғамбарымыз (ﷺ) Әзірейілден нені өтінген?

Өлерінің алдында Пайғамбарымыз (ﷺ) Әзірейілден нені өтінген?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы құтбасын Пайғамбарымыз (ﷺ) өлерінен бес күн бұрын айтады. Ол мінберден түскенде оның өңі бозарып, көздеріне жас толып кетеді. Содан кейін Айша анамыздың (ол кісіге Алла разы болсын) бөлмесіне кіріп, жатып қалады. Мәртебелі Айша  анамыз (ол кісіге Алла разы болсын):

- Уа, Алла Елшісі! Менің ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын! Не болды? Неге бұлай жатырсың? - деп сұрайды.

Алла Елшісі (ﷺ) тіл қатпай басын Айша анамыздың тізесіне қояды.

Алла Тағала Әзірейілге (оған Алланың сәлемі болсын):

- Уа, Ажал Періштесі! Менің Сүйіктім Мұхаммед Мұстафаға бар! Оған сәлем айт та оның — Менің Сүйіктім әрі жаратылғандардың ең жақсысы екендігін жеткіз. Мен оны қатты сағындым, бірақ оған рұқсатсыз кірме де оның еркіне қарсы жанын алма, - деп бұйырады.

Адамзаттың асылы Мұхаммедтің (ﷺ) өлімі туралы естіген Аршыны көтеріп тұрушы періштелер мен жеті көкті мекендеушілер жылап жібереді.

Ажл Періштесі Жер бетіне түседі. Онымен бірге басқа да періштелер түседі, олар Айша анамыздың бөлмесіне жақындайды. Сонда Ажал Періштесі:

- Уа, Жәбірейіл! Алла Тағала маған Мұхаммедтің үстіне баса-көктеп кірме әрі оның еркіне қарсы жанын алма деген.

Мұны естіген Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) жылап, мына бір аятты айтады:

«Әркім өлім татады» (3:185).

Жылаған күйі Жәбірейіл Алла Елшісі (ﷺ) жатқан бөлмеге кіргенде, Пайғамбарымыз (ﷺ):

- Уа, Жәбірейіл! Неге жылап тұрсың? - деп сұрайды.

- Уа, Алланың Сүйіктісі! Уа, Мұхаммед! Есіктің сыртында Ажал Періштесі кіруге рұқсат сұрап тұрғанда мен қалай жыламаймын?

Мұны естіген Пайғамбарымыз да (ﷺ) жылап жіберіп, Ажал Періштесіне кіруге рұқсат береді. Ажал Періштесі кіріп:

- Алланың саған салауаты мен сәлемі болсын, уа, Ахмад! Уа, Алланың жаратқандарының ең үздігі! - деп амандасады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) :

- Алланың саған сәлемі болсын, уа, бауырым Әзірейіл! Сен менің халімді білуге келдің бе әлде жанымды алуға келдің бе?

- Уа, Мұхаммед! Қалауың білсін: қаласаң жай халіңді білейін, қаласаң жаныңды алайын.

- Мен Алла Тағала сөздерін растаймын: «Әркім өлім татады».

- Уа, Алланың Сүйіктісі! Уа, Мұхаммед! Алла Тағала саған пайғамбарлықты нәсіп етті. Анасы баласына қандай мейірімді болса, саған қатысты мен де сондай мейірімді боламын. Мен үшін, Аланың қалауымен, осы дүние тұрғындарының бәрінің жанын алу, сенің қасиетті жаныңды алудан анағұрлым жеңіл болар еді.

Оған Пайғамбарымыз (ﷺ):

- Хош келдің, уа, Жан алушы Періште! Алайда маған біраз мұрсат берші, соңғы рет сахабаларыммен, хазірет Әлимен, көзімнің қарашығы қызым Фатимамен және жиендерім Хасан мен Хусейінмен жүздесіп алайыншы, - деп сұрайды.

- Уа, Алла Елшісі, мен саған бойұсынамын! - деп жауап береді Ажал Періштесі.

Содан кейін хазірет Әли, Фатима, Хасан мен Хусейін келеді. Олар ұзақ жылайды. Оларға қарап, Алла Елшісі де         (ﷺ) жылайды.

- Уа, Алла Елшісі! Сен неге жылайсың? - деп сұрайды Фатима (ол кісіге Алла разы болсын).

- Уа, Фатима! Жақын уақытта сен де менің артымнан келерсің, - деп жауап береді Алла Елшісі(ﷺ).

Пайғамбарымыз (ﷺ) әһлі-бейітпен, сахабалармен қоштасып жатқанда намаз уақыты келеді.

Біләл (ол кісіге Алла разы болсын) есікке жақындап:

- Әссаләму әлейкүм, уа, Алла Елшісі! - деп сәлем береді.

- Әй, Біләл! Саған Алланың рақымы болсын! Сенің пайғамбарың бүгін өз жанымен әуре болып кетті. Әй, Біләл! Әбу Бәкір әс-Сыддыққа имам болып жамағатпен намазды өткізсін деп айт!

Біләл (ол кісіге Алла разы болсын) барып, мешітке адамдарды жинайды. Оларға ол былай айтады:

- Әй, мұсылман қауымы! Ақиқатында, бүгін Алла Елшісі (ﷺ) өз нәпсісімен айналысуда. Ол Әбу Бәкір әс-Сыддыққа оның орнына имам болып, жамағатпен намаз оқуды тапсырды.

Бұл сөздерді естіген мұсылмандар қатты қайғырып, көп жылайды.

Хазірет Әбу Бәкір (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұйырғанын орындап, михрабқа тұрады. Оның соңына мүміндер сап түзейді. Намаз оқып жатқан Әбу Бәкірдің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) көзі Алла Елшісі (ﷺ) әдетте сәжде жасатйын жеріне түсіп кетеді. Оның орнының бос тұрғанын көріп, қатты қайғырып, жылап ол былай айтады:

- Осы сәттен бастап біз үшін уахилер тоқтатылды.

Мұны естіген мұсылмандар оған қосыла жылайды. Олардың жылаған дауысын естіген Алла Елшісі (ﷺ) Әлиден (ол кісіге Алла разы болсын):

- Олар неге жылап жатыр? - деп сұрайды.

- Уа, Алла Елшісі! Сахабалар сізді намазда көрмей, сол үшін жылап жатыр, - деп жауап береді Әли (ол кісіге Алла разы болсын).

Алла Елшісі (ﷺ) Алла Тағаладан:

- Йа, Раббым! Мұсылмандармен намаз оқуым үшін менің жағдайымы жақсартшы, - деп тілейді.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: