Егер Пайғамбарымыз Мұхаммедті (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көрсең...

Егер Пайғамбарымыз Мұхаммедті (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көрсең...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады…" (4: 80).

Мұсылман өмірінің барлық саласында басшылыққа алатын ең басты әрі бірінші дереккөз – Алла Тағала сөздері болып табылатын Қасиетті Құран. Құранда  біздің дінімізді түсінудің даналығы мен ілімі бар. Алайда бұл дереккөзді түсіну мен қолдану, мүмін үшін маңыздылығы жөнінен екінші болып келетін,  Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін қабылдамай мүмкін болмайды. Аллаға жақындауға ұмтылған сайын адам Оның сүйікті Пайғамбары, адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақын болуға ұмтылады. Адам оған жақындауға тырысқан сайын, ол оның сүннетін жандандыра түседі. 

Айта кету керек, Қасиетті Құранда Алла Тағала сүннеттің маңыздылығы мен оны ұстану туралы былай айтқан:  

«Ендеше Аллаға, Елшісіне және Біз түсірген нұрға иман келтіріңдер. Алла (Т.) істегендеріңді толық біледі» (64:8).

«(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде сені куә, қуантушы және ескертуші етіп жібердік. Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер. Оны қуаттайсыңдар, Оны ұлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіңдер» (48:8-9).

«...Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар...» (59:7).

«(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» (3:31).

Кімде-кім Құранды қабылдап, ал сүннетті қабылдамаса, яғни, одан бас тартса, сол үлкен күнә жасайды. Күнді көктен, теңізді жағадан, оң қолды сол қолдан бөлек алып қарауға бола ма? Алланы сүйіп, Оны мойындап, ал Оның күллі адамзат баласына жіберілген мүміндердің асыл үлгісін қабылдамауға бола ма? Сүннет – Құран сөздерінің дәлелі, толықтауышы әрі Оның анағұрлым толығырақ басшылығы.  

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан:

«Мен сендерге Алланың Құраны мен Оның Елшісінің Сүннетін қалдырдым, соларды ұстансаңдар тура жолдан таймайсыңдар!» (Мәлик).

«Асылында, кім көп жасаса, көптеген алауыздықты көреді, сондықтан сендер Менің Сүннетімді және тақуа халифтердің Сүннетін азу тістеріңмен ұстағандай, ұстанғандарың жөн» (Әбу Дәуд).

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күллі адмзат баласына соңғы пайғамбар етіп жіберілді, ол біз үшін біздің дінімізді тәмамдады, яғни, барлық сұрақтарға жауап берді, барлық өсиеттерді, ұйғарымдарды әрі басшылықты орындауымыз керек түрде жинақтап қорытындылап берді. Алла Өз сүйіктісін бізге Құран мен Сүннетті басшылық етіп жеткізу құрметіне лайықты еткен.

Аса көркем мінез иесі Мұхаммед (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Менің Сүннетімді жандандырған адам, мені де жақсы көреді, ал мені жақсы көрген адам, Қиямет күні менімен Жұмақта болады». Мүміндер Жұмақ төрінде Пайғамбарымызбен бірге болудан бас тарта ма? Кімде-кім Пайғамбарымызды (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көрсе, ол оның қасиеттерін, мінез-құлқын, сенімін де жақсы көріп, шынайы түрде өмірдің барлық саласында оны өздеріне үлгі ететін болады. Ал оның қасиетті сүннеттіндегі  дүниелер бізге нәсіп етілген нығметтердің ең ұлысы болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: