Қиямет күні Алла сөйлеспейтін 3 адам

Қиямет күні Алла сөйлеспейтін 3 адам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Факих өз иснадымен Қағба Ахбардың (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқанын келтірген: «Қиямет күні тәкаппар адамдар мұңайған еркек түрінде келеді. Әр жерден оларға қорлау болады. Олардың бәрі Тозақ отының алдына жиналады. Олар тийнатул-хабилден ішетін болады. Тийна — бұл ірің және Тозақты мекендеушілердің басқа да жаман сулары».

Факих өз иснадымен Суфьян бин Мусгирдің (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқанын келтірген: «Маған Хусейін бин Галидің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын), бір күні кедейлердің қасынан өтіп бара жатқанын айтады. Олар төсеніштің үстінде отырып, бір тілім нанды жеп отырады. Кедейлер оны дәм татуға шақырады. Хусейін олардың қастарына отырып, былай айтады:

«Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді» (16:23). Олармен бірге нанды жейді. Содан кейін ол: «Асылында, мен сендердің шақырғандарыңды қабыл еттім, енді сендер де менің шақырғанымды қабыл алыңдар». Кедейлер Хусейінмен бірге оның үйіне барады. Хусейін әйеліне: «Дайындаған асыңды әкел бізге», - дейді.

Әбу Хурайра (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Қиямет күні  Алла үшеумен сөйлеспейді де оларға қарамайды, тазартпайды әрі олар азабы қатты жазаға тартылады. Олар: бұзылған қария, өтірікші әмірші және тәкаппар кедей».

Әбу Хурайра (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын), былай айтқанын келтірген: «Маған бірінші болып Жұмаққа және Тозаққа кіретін үштік көрсетілді. Жұмаққа бірінші болып кіретін - шахид, екінші — Аллаға құлшылық етуге оның дүниелік еріксіздігі кедергі келтірмейтін құл, үшінші — әйелі мен балалары бар кедей. Бірінші болып Тозаққа кіретін — қатыгез әмірші, екінші  - байлығынан зекет төлемеген бай, үшінші — тәкаппар  әрі мақтаншақ кедей».

Сондай-ақ, Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Ақиқатында, Алла Тағала үшеуге ашуланады, солардың ішіндегі үшеуге деген Оның ашуы қаттырақ болады. Оның ашуы бірінші болып азғындарға, ал қарт азғынға Оның ашуы қаттырақ болады. Екінші - сараңдарға, ал сараң байға Оның ашуы қаттырақ болады. Үшіншілері - тәкаппар адамдар болып табылады, ал тәкаппар кедейлерге Оның ашуы қаттырақ болады. Алла үшеуді жақсы көреді, солардың ішінде үшеуін артық жақсы көреді. Алла жақсы көретін біріншілер - өздерін тыйым салған мен күмәнді дүниелерден сақтайтындар, ал тақуа жасөспірімді Ол қаттырақ жақсы көреді. Екіншісі - жомарт адамдар, ал жомарт кедейді Алла қаттырақ жақсы көреді. Үшінші - мейірімді адамдар, ал мейірімді байларды Ол қаттырақ жақсы көреді».

Яхья бин Джуглад Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Жүрегінде тарының түйіріндей тәкаппарлық бар адам Жұмаққа кірмейді». Сонда бір адам: «Бірақ адам жақсы киім мен  аяқ киім кигісі келеді ғой!», - деп айтқанда, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтады: «Расында, Алла көркем әрі Ол көркемділікті жақсы көреді, ал тәкаппарлық — ақиқатты қабылдамау әрі адамдарға қатысты жек көрушілік сезімінің болуы».

Хасан (ол кісіге Алланың рақымы болсын) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Өз сандалдарын жөндейтін, өз киімін жамайтын, Алла Тағалаға құлшылық етіп, басын сәждеге тигізетін адам, асылында, тәкаппарлықтан бас тартқан адам».

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: