Сіз біле бермейтін дұғаның ғажайып әсері

Сіз біле бермейтін дұғаның ғажайып әсері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дұға – мүміннің ең күшті қаруы. Дәлірегінде, мүміннің күші дұғада. Дұға жасау арқылы мүмін шынайы иманын, бойұсынғыштығын әрі Алла Тағалаға деген сенімін білдіреді. Алланың қалауынан артық күшті нәрсе бар ма? Қалаған нәрсеге қол жеткізу, бақытсыздыққа ұшырамау, екі дүние бақытына кенелу – бәрі біздің дұғамызда, Аллаға сиынуымызда. Дұға – исламның жаны, біздің әңгімеміз, өзіміздің Жаратушымызбен оңашалануымыз, сол арқылы өзіміздің шынайы бойұсынуымызды әрі Алланың қалауын разышылығымызды білдіруіміз.

Дұға ғажайыптар жасайды, өйткені онда шынайы сенім бар. Хадисте дұғаның күші туралы былай айтылған: «Жаратушыңа дұға жаса, егер саған залал болса, Оған дұға жасасаң, Ол сенен оны алыстатады, егер мініп жүрген жануарыңды шөлде жүріп жоғалтып алсаң, Оған дұға жаса, ол саған оны қайтарып береді, егер саған қуаңшылық келсе, Оған дұға жаса, ол саған жаңбыр жіберіп, сенің еккен нәрсеңді өсіреді» (Ахмад).

Дұғаның күштілігі сондай, тіпті басқа адамға деген жақсы пікірлер мен тілектерің Алланың қалауымен өзіңе дұға жасағанмен бірдей бағаланады:

 «Егер бір мұсылман келесі бір мұсылман үшін сыртынан дұға жасар болса, періште: «Саған да сол болсын», - деп тілейді!».

Өлген адамның соңынан да дұға жетіп жатады: «Адам қайтыс болғанда оның барлық амалдары тоқтатылады, тек үшеуінен басқа. Олар: үзілмейтін садақа, басқа адамдар пайдалана алатын білім және ол үшін Аллаға жасаған тақуа баланың дұғасы» (Ахмад).

Жақсы дұға жасау үшін түннің бір бөлігі белгіленген: «Түннің жартысы немесе оның үшінші бөлігі болғанда,  Алла төменгі көкке түсіп, былай айтады: «Менің бір нәрсені нәсіп етуімді тілегендер бар ма? Маған дұға жасап, Менің оған жауап беруімді сұрағандар бар ма? Менің кешіруімді сұрап, Мен оны кешіргенімді қалайтындар бар ма?» Осылайша, таң атқанша жалғаса беретін болады» (Ахмад).

Мүміннің өмірі – үнемі кемелдікке ұмтылу, ниетін, амалдарын, құлшылықтарын кемелдендіру. Кез-келген дұға кәміл, егер ол шынайы әрі жүректен шыққан болса.  Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұғаларымызды мүлтіксіз жасауды өсиет етіп кеткен. Ол үшін: 

1. Алла Тағаланы және Оның Елшісін (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәріптеу: «Кімде-кім Аллаға дұға жасайтын болса, алдымен Алла Тағаланы дәріптеп, сосын Пайғамбарымызға салауат айтып, тек содан кейін қалаған нәрсесін сұрасын» (Ахмад).

2. Табандылық таныту: «Кімде-кім Аллаға дұға жасаса, табандылық танытсын әрі еш уақытта былай айтпасын: «Уа, Алла, егер қаласаң, мұны маған нәсіп етші», өйткені, асылында, ешкім Алланы мәжбүрлей алмайды» (Ахмад).

«Кімде-кім Пайғамбарымызға дұға жасамайынша, оның дұғасы  шегеріледі!» (Дайлями).

Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағалаға қандай дұғалар жасаған?

«Былай айт: «Уа, Алла, асылында, маған мәлім әрі мәлім емес, ерте ме,  кеш пе жүзеге асатын қайырлы нәрсені Сенен сұраймын! Және де ерте ме, кеш пе маған мәлім әрі мәлім емес жүзеге асатын зұлымдықтан Сенен пана іздеймін! Уа, Алла, расында, Сенің құлың әрі Елшің Мұхаммед сұраған игілікті мен де өзіме сұраймын және Сенің құлың әрі  Елшің Мұхаммед сиынған зұлымдықтан Саған мен де сиынамын! Уа, Алла, асылында, мен Сенен Жұмақты, сондай-ақ, мені Саған жақындатар сөздер мен амалдарды сұраймын! Және де Тозақтан, сондай-ақ, соған жақындатар сөздер мен амалдардан Сенен пана іздеймін! Менің пешенеме жазғандарыңның бәрі де қайырлы болсын деп тілеймін!» (Ахмад).

 «Уа, Алла, асылында, Сенен жүрегімді таза етуіңді сұраймын!» (Ахмад).

«Уа, адамдар! Дұғаны ыждаһатпен жасағанды жақсы көресіңдер ме? Онда былай айтыңдар:  «Уа, Алла, Саған разы болуға, Сені есімізге алуға әрі лайықты түрде Саған құлшылық етуге көмектес» (Ахмад).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: