Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) хижраты

Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) хижраты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Ибрахимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Намрудтың отынан аман алып қалған соң, көптеген адамдар иман келтірген. Оның пайғамбарлық миссиясына сенім білдіргендердің бірі Лұт (ол кісіге Алланың сәлемі болсын). Ол Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) туған бауыры Харанның ұлы. Намрудтың уәзірі болған Харан емес. Харанның қызы Сара да иман келтіреді. Ибраһим пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) және иман келтіргендер Вавилоннан Шамның  Хиран аймағына көшеді. Бұл хижратқа баруға оларды Намруд мәжбүрлейді. Отпен болған оқиғадан соң, көптеген адамдар Намрудтан бас тартып, Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) жағына шыққан болатын. Жүрегін қызғаныш жалыны жалмаған Намруд былай айтады:

«Әй, Ибраһим! Сен үшін дініміз әлсіреді әрі біздің билігіміз күйрей бастады. Өзіңнің соңыңнан ергендерді алып, басқа өлкеге кет. Сендердің Жаратушыларың жолдарыңды оңдасын».

Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) келісіп, олар Шам жаққа қарай жол тартады. Риуаяттардың бірінде сол жағдайдан соң Ибраһим пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) халықты иман келтіруге үндеген. Адамдар бірінен кейін бірі дінге кіре бастайды. Намруд пен оның маңындағылар бұған қатты алаңдап, Ибраһимді (ол кісіге Аланың сәлемі болсын) өлтіргілері келеді. Алайда Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отпен өлтіре алмаған соң, оның көзін құрту қиын болады деп, елден қуып жіберуді ойластырады. Иман келтіргендерден мұны біліп алған Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) өзімен бірге Лұт пен Сараны ертіп, Вавилонды тастап кетеді. 

Қаладан біршама жер ұзағанда, Ибраһимге (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Алладан өзінің ағасының сұлулығына тең келер жан болмаған қызы Сарамен неке қидыру жөнінде уахи түседі. Ибраһим пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) жиырма дирхемге қашыр сатып алып, оған Сараны отырғызып қояды. Сол кезде ол отыз сегіз жаста болатын. Олар Хиранға жетіп, сол жерде бір түнеп, Мысыр жаққа қарай жол тартады.

Сол заманда Мысырды әділетсіз Садук бин Сарут есімді патша билеген. Оның мынадай бір дәстүрі болатын: оның қол астындағылардың бірі үйленгенде, алдымен қалыңдықты оған көрсететін болатын. Егер қалыңдық оған ұнаса, патша оны өзіне алып қалатын. Ал егер ұнамаса, қайтарып беріп отыратын. Патша барлық жол торабына сұлу қыздарды ұстап алып, оған алып келу үшін  қарауылдарды қойып қояды. 

Мұны білген Ибраһим пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) үлкен сандық жасап, соған Сараны жасырып қояды. Мысырға кірер жерде салық жинайтындар керуен әкеле жатқан жүкті тексере бастайды. Кезек сандыққа жеткенде, Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсн): «Осы сандықты ашпау үшін кез-келген қалаған салықтарыңды төлейін. Тек оны ашпаңыздар». Бірақ олар келіспей, сандықты болмай ашады. Сараның сұлулығына тәнті болған қарауылдар, оны патшаға алып келеді. Ал ол Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) шақыртып алып:

 «Бұл сенің кімің?», - деп сұрайды. «Ол менің қарындасым», - деп жауап береді пайғамбар. Әмірші: «Мұны маған бер, мен сені бай етемін», - дейді. «Ол үшін біздің әкемізден рұқсат алу керек», - дейді Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын). Зұлым әмірші сабырын жоғалтып, Сараға қолдарын созады. Сара көмек сұрап,  Аллаға дұға етеді. Сол сәтте билеушінің екі қолы бірдей солып қалады.

Бір риуаятта Сараны сарайға әкелгенде, Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ол жерден қуып жібергендігі келтірілген. Соған ол жүрегі жарылардай болып қатты қайғырады. Ол дұға жасай бастайды. Алла Тағала ішінде не болып жатқанын көру үшін сарайдың қабырғаларын әйнектей  етіп қояды. Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) билеушінің Сараға қалай қол созғанын көріп қалады. Бірақ сол мезетте зұлым патшаның көздері түк көрмей, қолдары ештеме ұстай алмайтын халге түседі. Оның денесі қалшылдай бастайды. Содан кейін мейірімсіз билеушінің үстіне құлап кетердей болып, сарай қабырғалары дірілдей жөнеледі. Қорыққанынан ол сарайдан жүгіріп шығады да Сараны шақырып алып: «Сен кімсің? Бұл не болды өзі?», - деп сұрайды, сонда Сара:

«Мен жер мен көктерді жаратқан Патша досының отбасынан боламын. Алла Тағала Өзінің достары мен олардың отбасын әрқашан қорғайды. Ешкім де жазықсыз оларды жәбірлей алмайды». Сонда билеуші: «Құдайыңа дұға етіп, менің қолымның қайтадан дұрысталуын сұрашы». Сара дұға етіп, патшаның қолдары қайтадан қалпына келеді. Ол Сараға алғысын айтып, Хаджар есімді күңді сыйлайды да былай айтады: «Сенің жасағаң дұғаң үшін менің сыйлығым». Және де басқа да көптеген сыйлықтар береді. Сара сарайдан кетіп, Ибраһимге (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) қайтып оралады. Сара енді аузын ашып, не болғанын айтып берейін деп еді, ол оған бәрі мәлім екендігін білдіріп, не болғанын өзі-ақ айтып береді.

Жалғасы бар...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: