Шынайылық жөніндегі 10 хадис

Шынайылық жөніндегі 10 хадис

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асылында, Алла сендердің жүректеріңе қарайды

Исламда шынайылықтың алар орны қандай? Шынайылық  – тазалық, ой, ниет және амалдардың тұнықтығы. Шынайылықсыз иман толыққанды болмайды, өйткені ішкі шынайылықсыз, сыртқы көріністің мәні де маңызы да жоқ, ал шынайылық – кез-келген амалдың жаны болып табылады. Шынайылықсыз нағыз адал құлшылық ету мүмкін емес, ендеше, шынайылықсыз Аллаға жақындау мүмкін емес, өйткені біздің жанымызда не болып жатқанын тек Алла ғана біледі. 

Міне, сондықтан да Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде шынайылықтың маңыздылығы туралы айтылған.

Амалдар шынайылық турасынан бағаланады «Ақиқатында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады» (Ахмад).

«Асылында, адамдар өз ниеттеріне сәйкес қайта тіріледі» (Ибн Маджа).

Алла Тағала шынайылыққа қарайды

«Асылында, Алла сендердің тәндеріңе, сыртқы кейіптеріңе қарамайды, Ол сендердің жүректеріңе, деп саусағымен кеудесін көрсеткен, — сондай-ақ, амалдарыңа қарайды» (Мүслим).

Иман – шынайылық.

«Бір күні Пайғамбарымызға, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, бір адам келіп, былай сұрайды: «Уа, Алла Елшісі, иман деген не?» Ол: «Шынайылық», - деп жауап береді.

Алла тек шынайы амалдарды қабылдайды

«Расында, Алла жеңісті бұл үмбеттің әлсіз мүшелерінің дұғалары, құлшылықтары мен шынайылығы үшін нәсіп еткен» (Насаи).

«Ақиқатында, Ұлы да Құдіретті Алла тек Ол үшін шынайы жасалған амалдарды ғана қабыл алады» (Насаи).

«Әй, адамдар! Амалдарыңды шынайы түрде жасаңдар, өйткені, асылында, Алла Тағала шынайы әрі тек Ол үшін жасалған амалдарды ғана қабыл етеді!» (Баззар).

«Менің сөздерімді естіп, жадына сақтап әрі естігенін сол қалпында басқаға жеткізушіге Алла жайнаған жарқын жүз берсін. Естіген адамның зеректігі аздау болып, ал ол жеткізген адам анағұрлым көреген болуы да әбден мүмкін.  Үш нәрседен мүміннің жүрегі жиіркенбейді. Олар: амалдардың шынайы түрде тек Алла үшін жасалуынан, мұсылмандардың әміршілеріне деген адал көңілінен және олардың үмбетіне деген бейілділігінен, өйткені олардың дұғасы олардың артындағыларды да қамтиды» (әл-Баззар).

Шынайылықтың болмауы – исламнан емес

«Алла жасаған игі амалдарын басқаларға айтатындарды масқаралайды әрі басқаларға жақсы көріну үшін Оған құлшылық ететіндерді әшекерелейді» (Бұхари).

«Бәрінен бұрын, сендер кіші көп құдайға табынушылыққа беріліп кетесіңдер ме деп қорқамын». Олар: «Уа, Алла Елшісі, кіші көп құдайға табынушылық деген не?», - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай жауап береді: «Жақсы амалды біреулерге көрсету үшін жасайтындар. Қиямет күні адамдар жасаған амалдарының сауаптарын алып жатқанда, Құдіретті де Ұлы Алла мұны жасағандарға: «Тірі кездеріңде мұны кімдер үшін жасағандарыңа барыңдар , солардан сендер сауап табар ма екенсіңдер, көріңдер!», - дейді» (Ахмад).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: