Ибрагиммен (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отқа бірге түсуге дайын болған құс

Ибрагиммен (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отқа бірге түсуге дайын болған құс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Риуаяттарда Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отқа тастағанда, Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) Жұмақтағы Кәусәр бұлақтан екі тамшы су әкелгендігі келтірілген. Алланың қалауымен, ол бір тамшыны отқа тасайды. Қасиетті тамшыдан от бет қаратпас ыстығын жоғалтады. Екінші тамшыны Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) үшке бөлген. Бір бөлігі пайғамбардың алдына түседі де мәңгі жасыл болып тұратын сауырағаш өсіп шығады. Екінші бөлігі оң жағына түсіп, одан раушан гүлі өседі. Үшінші бөлігі Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) арт жағына түсіп, арша өсіп шығады.

Сол кездерде сауырағаштың жемістері қарбыздай болатын. Кейбір адамдар Ғисаны (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Алланың ұлы деп айтқан соң, ол жеміс беруін тоқтатқан екен. Раушан гүлі де қияр сияқты жеміс беруін, кейбіреулерді Аллаға теңестірген мүшріктер үшін, тоқтатқан екен. Ал аршаның жемістері қауынға ұқсас болған екен, алайда адамдардың Узейраны Алланың ұлы деп танығанынан бастап, ол да жеміс беруін қойған. Осы үш өсімдік Қиямет күніне дейін жеміс бермейтін болады.

Риуаятқа сай, Ибраһим пайғамбарды (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отқа тастағанда  періштелер, аңдар мен құстар жылап, оттың айналасына жиналып, оған қалай көмектесу, оны оттан қалай шығарып алу амалын іздеген екен. Солардың арасында бұлбұл құстың бір әлсіз балапаны болады. Осы балапан отқа түсуге дайын болғанда, Алла оған Жәбірейілді (оған Алланың сәлемі болсын) жібереді: «Ана құсты ұстап ал да не керек екенін сұра». Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) бұйырықты орындап, құстан сұрағанда, құс: «Алланың досын отқа тастады. Ақыры мен оған көмектесе алмайды екенмін, онда онымен бірге жанып кетейін», - деп жауап береді.

Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) құстың жауабын Аллаға жеткізгенде, Алла Тағала: «Ал бұл құс Менен нені қалайды?», - деп сұратады, сонда құс: «Бұл өмірде Алла Тағаланы еске алғанымнан басқа тілегім жоқ. Оның мың бір есімі бар деп естідім. Жүз бір есімі маған белгілі. Оның қалған тоғыз жүз қасиетті есімдерін білгім келеді», - деп жауап береді.  Алла құстың тілегін қабыл алады. Енді бақшаларда сайрап отыратын бұлбұлдар Алланы еске алып отырады екен. Намрудтың оты Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) үшін гүлденген баққа айналғанда, бұлбұл құс раушан гүлге отырып алып, сайрай жөнеледі. Сол уақыттан бастап бұлбұл раушан гүлін ұнатқан екен әрі Қиямет күніне дейін ұнататын болады.

Тіпті аузына су толтырып, отты сөндіруге тырысып, араның да отты айнала ұшқаны келтірілген. Оның осы ұмтылысы да бекерге кетпеген, Алла Тағала оның аузындағы суды адамдардың еміне дауа болатын балға айналдырған.

Алла Тағаланың Намруд жаққызған отты толықтай өшіріп, Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) оттан алып шығуына күші жетті. Бірақ жасамады, өйткені ол Өзінің шексіз құдіретін көрсеткісі келді. Егер Алла отты өшіргенде, адамдар Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отқа түскенде жанып кетуші деп айтар еді. Алланың қалауымен, мәртебелі Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отқа жанбай, аман қалады, осылайша, Алланың қандай ұлы құдірет күшіне ие екендігі белгілі болады.

Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) отқа тастар түні Намрудтың қазынасынан бір бұйым ұрланады. Соны ұрлады деп бір адамды қатты азаптайды. Нәтижесінде әлгі күнәсіз адамды ұрлықшы деп, оны отқа өртеуге бел буады. Ол Намрудқа жалынғанымен, еш пайда болмайды.  Ол пұттарға жалынады, олар да көмектеспейді. Сол адамды Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) алдында отқа тастатады. Отқа түспей түріп, ол: «Йа, Алла, көмек тек Сенен»,  деп айтып үлгереді. Алла Тағала Жәбірейілге (оған Алланың сәлемі болсын): «Тездетіп Менің құлымды құтқар», - деп бұйырады. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын): «Йа, Раббым! Бұл адам иман келтірмеген», - дейді, сонда Алла:

«Солай, бірақ бұл адам Менің есімімді есіне алды. Оған көмектеспеу Біздің ұлылығымызға лайық емес», - деген.

Алланың қалауымен от салқындап, аман қалуына септігін тигізгенде, от Алла Тағалаға былай деп тіл қатады: «Йа, Раббым! Сен Өзіңнің жауларың мен бой ұсынбайтындарды мен арқылы азаптайсың. Ал егер мен бойұсынбай кетсем, мені немен азаптайсың?» Сонда  Алла Тағала: «Мен сені Мені сүйетін жүректердегі сүйіспеншілік отымен азаптайтын боламын», - деп жауап берген. Асылында, жер бетіндегі от -Жаһаннам отының жеті жүзінші бөлігін ғана құрайды. Тозақ оты — Аллаға деген сүйіспеншіліктің тек жеті жүзінші бөлігі ғана».

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: