Алла Тағала қалауына бойұсынатындар 3 нәрсеге ие болады

Алла Тағала қалауына бойұсынатындар 3 нәрсеге ие болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биіктеудің нәтижесі — Алла Тағалаға жақындау.

Әли хазірет, ол кісіге Алла разы болсын, Пайғамбарымыздың, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген:

- Миғраж түні Алла Тағала Пайғамбарымызға, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын:

- Әй, Ахмед! Құлшылық - тоғызы халал тағамнан тұратын он бөліктен тұрады. Ораза ұстап, аз сөйлейтіндерге қандай сауап болатынын білесің бе?

- Білмеймін, - деп жауап береді Пайғамбар, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

- Ораза ұстау мен үнсіздіктің нәтижесі - даналық (хикмат). Даналық мұрасы - биіктеу (марифат). Ал биіктеу нәтижесі — Аллаға жақындау. Менің қалауым бойынша әрекет жасайтынға Мен үш нәрсе беремін:

1. Мен оны санасынан ешқашан кетпейтін білімге үйретемін.

2. Мен оны есінен ешқашан шықпайтын еске алуды үйретемін.

3. Мен оны сүюге үйретемін әрі ол ешқашан Алладан басқа ешкімді сүймейтін болады. Мен де оны сүйетін боламын әрі халыққа оны сүйгіздіремін. Ол Менің сөздерімді әрі періштелердің әңгімесін ести алатын болады.  Адамдардың ешбірі білмейтін бір құпиямды ашамын. Мен оған ұяттылық киімін кигіземін, бәрі оның алдында күнә жасауға ұялатын болады. Оның есін Мен білім қазынасы етемін әрі Жұмақ пен Тозақ құпияларын айтамын. Қиямет күні Мен одан есеп талап етпеймін. Мүнкар мен Накир есімді періштелер оны қабір сұрағына алмайтын болады. Ол екеуміздің арамызға ешкім тұра алмайды.

Барлық хабарды олар Менен алатын болады. Олар асықпай Сират көпірінен өтеді, Тозақты көрмейді. Мен олар үшін Жұмақ сарайларын безендіремін, олар Жұмаққа пайғамбарлар және шәһидтермен бірге кіреді.

Кімде-кім осылай құлшылық еткісі келсе, онда бұл фәни дүниені сүймесін әрі әһлі-дүние қасында отырмасын. Жұмақты қалай көргісі келсе, Ажал Періштесін де сондай көргісі келсін. Оның рухы денесінен майдан алынған қылдай болып шығады. Періштелер оның бас жағында тұрады. Олар оған екі ыдыс әкеледі, бірінде Кәусәр бұлақтың суы, ал екіншісінде — Жұмақтың шарабы болады.  Оның рухына бұларды ішкізеді, сонда ол өлім азабынан құтылады. Ол Аршының сол жағына жайғасады. «Фәни дүниені қандай күйде қалдырдың?», -деп  сұрайды одан періштелер.

«Білмеймін. Жаратылғанымнан бері  Алладан қорықтым, фәни дүниеге қызықпадым да жүрегіммен оған байланбадым. Мен ешқашан әһлі-дүние қасына отырған емеспін», - деп жауап береді ол.

Сонда Алла Тағала былай айтады:

- Менің құлымның айтқаны хақ. Менің құлымның денесі жерде болғанымен, оның рухы мен жаны Менің қасымда болды. Құлым Менің! Менен не қаласаң соны сұра.

- Мені күніне жетпіс рет бөлшектеп, кесіп отыратын болса да Сенің разылығың үшін тіпті бұған да келісемін. Аллам менің! Егер Сен мені Өз мейіріміңе бөлемесең, мен сұмырай боламын. Егер сен көмектеспесең, мен дәрменсіз боламын. Егер сен күш бермесең, мен әлсіз боламын. Сенің есіңде болмасам, мен өлгендердің арасында боламын. Йа, Раббым! Сенің мейіріміңе қалай бөленсем екен?

- Екеуміздің арамызда еш перде жоқ. Қалаған уақытыңда кел. Менің достарым — адамдарды қалдырып, баянсыз дүниеден мәңгілік өмір - ақиретке өткендер. Олар шайтан елінен Рахман еліне өткендер.

 Әй, Ахмед! Басқа пайғамбарларға қарағанда сенің мәртебеңді неліктен жоғары етіп жаратқанымды білесің бе?

- Білмедім, Раббым!

- Сен маған жақынсың әрі мінезің көркем. Сенің жаның жомарт әрі сен адамдарға қамқорсың. Қаласаң, иман тәттілігін сезінуге берейін. Нәпсіңді ашықтырып, тіліңді қамауда ұста. Жаның мен аузың бірге болсын әрі Менен қорық. Егер осылай жасасаң, қауіпсіздікте боласың, ал бұлай жасамасаң, онда азапқа ұшырағандардың бірі боласың.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: