Алланың мейірімі оларды бір сәтке де қалдырмайды...

Алланың мейірімі оларды бір сәтке де қалдырмайды...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әли хазірет, ол кісіге Алла разы болсын, Пайғамбарымыздың, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген:

Миғраж түні Алла Тағала Пайғамбарымыздан, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай сұрайды:

- Әй, Ахмед! Менің захидтерге (тақуа аскеттерге) не дайындап қойғанымды білесің бе?

- Жоқ, білмеймін, Раббым!

- Қиямет күні олар қайта тіріліп, есеп беруге алдыма келгенде, оларға Менің сотыман қорықпауларына болады. Мен оларға Жұмақтың кілтін сыйлаймын. Олар Жұмақтың қалаған қақпасынан кіре алады. Менің мейірімім оларды бір сәтке болсын қалдырмайды. Мен олар үшін Жұмақтан төрт есік ашамын. Бір есіктен күні-түні Менің сыйлықтарым келіп жататын болады. Екінші есіктен олар қиналмастан, қалаған уақыттарында, ешбір пердесіз Менің Жүзімді көре алады. Үшінші есіктен олар Тозақта азапталып жатқан иман келтірмегендерді көретін болады. Ал төртінші есікке қыздар мен жасөспірімдер кіретін болады.

- Йа, Раббым! Көп нәрсе сыйланатын захидтерің кім екенін түсіндірші маған.

- Бұлар - қирап қалып, қапаланатындай - үйлері жоқ, өліп қалып, қайғыратындай - балалары жоқ. Байлығым шығын болады деп айтардай байлығы жоқ, жегендері үшін жауап беретін тағамдары жоқ, мақтанарлықтай жұмсақ киімдері жоқ. Түнгі құлшылық пен күндізгі ұстаған оразадан олардың жүздері солғын тартқан. Мені еске алмаған кезде, сөйлемейді. Олар Тозақтан қорықпайды және Жұмаққа кіруге үміттенбейді. Олар тек Маған ғана құлшылық етеді.

- Уа, Алла! Менің үмбетімде сондай захидтер бар ма?

- Захидтер — олар пайғамбарлар мен дін үшін азап шегушілер.

- Уа, Аллам менің! Мұндай захидтер: менің үмбетімде әлде Ысрайыл ұлдарының арасында көп пе?

- Ысрайыл ұлдарының захидтерін сенің үмбетіңдегі захидтермен салыстырғанда ақ бұқаның арқасындағы бір қара қылдай.

- Йа, Раббым! Олар менің үмбетімде неге сонша көп?

- Ысрайыл ұлдарына анық ақиқат келгенде, олар күмәнға берілді. Олардың жандарына иман орныққан соң, олар қайтадан теріске шығара бастады. Ал сенің үмбетіңнің адамдары барлық күмәнға бой алдырмай, адаспай, өз ұстанымдарына  берік болды.

- Менің үмбетімдегі захидтерді жоғары қойғаны үшін Аллаға менің мақтауларым мен ризалығым болсын.

 «Аллам менің! Менің үмбетімді аяп, оны Өз мейіріміңе бөлей гөр. Оларға күмәннан ада, жетілген, толық иман нәсіп ете гөр. Сенің алдыңда қорқынышқа ие болған соң, оларды қайтадан бейқамдыққа сала көрме. Ілім иелері болған соң, оларды қайтадан надан ете көрме. Оларға сана берген соң, қайтадан санасыз ете көрме. Еске алу қабілетін берген соң, қайтадан ессіз ете көрме. Сабырлық танытқан соң, наразылық таныттырма. Олардың жандарына қанағатшылдық пен бойұсынғыштық нәсіп ет. Нәпсіден болар залалдан және бұл дүние азғындығынан сақта!»

- Әй, Ахмед! Күмәннан аулақ болу — иманның негізі. Сен әрқашан сабырлы әрі сенімді бол. Бұйығы адам көп сөйлеп кетсе, оның жаны күйрей бастайды.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: