Шешенстанда әскери қызметкерлерге арналған мешіт ашылуға дайын

Шешенстанда әскери қызметкерлерге арналған мешіт ашылуға дайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстанда Оңтүстік  әскер өңірінің мотоатқыштар дивизиясы әскери қызметкерлеріне арналған мешіттің құрылысы аяқталып қалды. РИА Новости мәлімдегендей, мұсылман ғибадатханасының ресми ашылуы жақын апталардың біріне жоспарлануда.

«Шешенстан республикасында орналасқан ОӘӨ мотоатқыштар дивизиясы аймағында Әулие азап шегуші Георгий Победоносец құрметіне арналған шағын шіркеудің қасында мұсылман мешітінің құрылысы аяқталды», - деп Оңтүстік әскер өңір агенттігінің баспасөз-қызметі  хабарлаған.

Айта кетку керек,  50 дам бір уақытта намаз оқи алатын мешіттің салынуы мен 1937 жылы қиратылған православие ғибадатханасының қайтадан қалпына келтірілуі Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтің жарлығымен басталған болатын.

Аталмыш жұмыстарды қаржыландыру Ахмат қажы Қадыров атындағы қоғамдық қордың қаржысы арқылы жүзеге асқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: