АҚШ-та мұсылмандар саны есептелген

АҚШ-та мұсылмандар саны есептелген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-та және әлемде мұсылмандар саны өсуде.

Қазіргі таңда АҚШ-та шамамен 3,45 миллион мұсылман өмір сүріп жатыр – бұл дегеніміз, 2010 жылға қарағанда мұсылмандар саны 700 мыңға артқан. Бұл жөнінде Pew Research беделді халықаралық зерттеу орталығы хабарлаған.  

Сарапшылардың мәліметі бойынша, қазіргі уақытта АҚШ халқының  1,1% ислам дінін ұстанушылар құрайды екен.

Сондай-ақ, орталықтың болжауы бойынша, 2050 жылға қарай штаттағы мұсылмандар саны 8,1 миллион адамнан асып түсетін болады. 2040 жылға таман саны жағынан мұсылмандар АҚШ-та тұратын яһудилерді басып озатын болады.  

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін аталмыш орталық сарапшыларының айтқан болжауына сай 2060 жылға таман Жер бетіндегі мұсылмандар саны 3 миллиардқа дейін көбейеді, ал осы ғасырдың соңына таман саны жағынан мұсылмандар христиандардан асып түсетін болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: