Сауд Арабияда көлік жүргізу «әйелдер» мектебіне нұсқаушылар қабылдауды бастады

Сауд Арабияда көлік жүргізу «әйелдер» мектебіне нұсқаушылар қабылдауды бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Сауд қыз-келіншектері көлік жүргізетін болады.

Сауд Арабияда елдегі алғашқы көлік жүргізу «қыз-келіншектер» мектебіне нұсқаушылар қабылдауды бастаған. 

Бұл жөнінде Корольдіктегі аса ірі әйелдер жоғары оқу орны болып табылатын Нури бинт Абдул-Рахман атындағы университет өкілдері мәлімдеген. 

Көлік жүргізу нұсқаушыларынан бөлек теориядан сабақ беретін оқутышылар орындары да бар көрінеді. 

Осы жағдайға байланысты арнайы ашылған сайтта көрсетілгендей, жұмыс іздеушілерде көлік жүргізу куәлігі, нұсқаушы лицензиясы болуы тиіс әрі Сауд Арабияның тұрақты тұрғыны болуы керек.

Бұдан бөлек, міндетті түрде өткізетін құжаттардың ішінде — түйіндеме, денсаулық туралы куәлік және жеке куәлік көшірмесі болуы қажет.

Комиссия мүшелеріне «ұнаған» үміткерлер сұхбаттасуға шақырылатын болады. 

Естеріңізге сала кетсек, қыз-келіншектерге көлік жүргізуге рұқсат етілген Салман корольдің жарлығы үстіміздегі жазда өз күшіне енеді.

Ал Нури бинт Абдул-Рахман атындағы университет — қыз-келіншектерге көлік жүргізуді үйрететін мектеп ашатын  жалғыз оқу орны болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: