TIME 2018 жылдың 10 басты әлемдік қауіп-қатерін атады

TIME 2018 жылдың 10 басты әлемдік қауіп-қатерін атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Америкалық журнал TIME 2018 жылдың он басты әлемдік қауіп-қатер тізімін жасаған.

Рейтингтің бірінші орнын «Қытай ықпалының өсуі» алған, аталмыш баспа журналистерінің айтуынша, Қытай қазіргі таңда өзіне қосылуға бейім елдердің саяси және экономикалық өміріне қол сұқпаймыз деп уәде етіп, сол елдерді қаржыландыру арқылы өз ықпалын кеңейтуде. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, 2018 жылы «әсіресе сауда-саттық саласында» америка-қытай жанжалының шығуы ықтимал.

Журналистер екінші орынға киберкеңістікте орын алатын бәсекелестік пен жанжалдар, КХДР төңірегіндегі күрес, Сирия соғыс алаңындағы есептегі қателіктер, АҚШ пен Ресей арасындағы шиеленіскен қарым-қатынастың артуы және РФ тыйым салынған ИГИМ жауынгерлерінің таралуына байланысты   «апатты қақтығыстардың туындауы мүмкін» деген қауіп-қатерді қойған.

Ал үшінші орынға «технологиялық қарусыз соғыстың» шығу қаупі «жайғасқан».

Сондай-ақ, 2018 жылдың басты әлемдік қауіп-қатер тізіміне «Мексикалық фактор», «АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіскен қарым-қатынас», «Институттардың әлсіреуі», «Нео-қолдампаздық», «Британиядағы алауыздық», «Оңтүстік Азиядағы саясат сәйкестігі» және  «Африка қауіпсіздігі» кірген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: