Сарапшылар әлемдегі ең үздік араб футболшысын атады

Сарапшылар әлемдегі ең үздік араб футболшысын атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Суретте: Мұхаммед Салах.

Жүздеген араб елдерінің спорт журналистері 2017 жылдың нәтижесі бойынша ең үздік араб футболшыларының тізімін жасаған.

Аталмыш тізімнің бірінші орнына 25 жасар «Ливерпуль» әрі Мысыр құрамасының шабуылшысы Мұхаммед Салах жайғасқан, ол Мысыр құрамасын үстіміздегі жылы Ресейде футболдан өтетін әлем чемпионатында ойнауға көмектескен және, сондай-ақ, ағылшын премьер-лигасының қазіргі маусымындағы ең үздік «бомбардирі» болып табылады.  

Айта кету керек, рейтингті құрастыруда спортшының өткен маусымда жеңіп алған атақтары мен оның өз командасына қосқан үлесі есепке алынған.

Рейтингтің екінші орнын «Әл-Хилял» (Сауд Арабия) клубының футболшысы сириялық Омар Хрибин алса, үшінші орынды да «Әл-Ахли» (Сауд Арабия) клубының сириялық футболшысы Омар Ас-Сума иеленген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: