МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы ауданда өткен дәстүрлі наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс - шараларға қатысты. Бұл мерекелік іс-шараларда концерттік бағдарлама, арнайы бата жасау үрдісі, түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, бесікке салу рәсімі жасалып, салт-дәстүріміз дәріптелді. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

  Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірнеше ауылдық мешіттерде сенбілік өткізіліп, тазалық жасалды. «Тазалық – иманның жартысы», - деген хадисті басшылыққа алған мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаттары мешіт ішіне және мешіт аулаларына тазалық жұмыстарын жасады. Және де келе жатқан Қасиетті Рамазан айына да жасалған дайындық шарасы еді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық Әл-Хақ мешітінің әйел-қыздар жамағатының қатысуымен  «Төрлет Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Әл-Хақ мешітінің имамы Сабырханов Үмбет қатысып, Дін мен дәстүрдің байланысы тақырыбында уағыз-насихат жасады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың шақыртуымен ауданға қарасты барлық ауыл имамдарының қатысуымен алдағы Қасиетті Рамазан айына дайындық қылу мақсатында алқалы бас қосу өтті.