#Рысқұлов: "Төрлет Әз-Наурыз" атты іс-шара өтті

#Рысқұлов: "Төрлет Әз-Наурыз" атты іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық Әл-Хақ мешітінің әйел-қыздар жамағатының қатысуымен  «Төрлет Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Әл-Хақ мешітінің имамы Сабырханов Үмбет қатысып, Дін мен дәстүрдің байланысы тақырыбында уағыз-насихат жасады.

Бұл мерекелік іс-шарада ұлттық дәстүрімізге айналған тұсаукесер рәсімі жасалып, әйел-қыздар қазақи дәстүрге сай киініп, салт-дәстүріміз дәріптелді. Сонымен қатар, ақ дастархан жайылып, наурыз көже берілді. Үмбет имам елдің игілігі үшін дұға қылды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: