#Рысқұлов: Ауыл мешіттерінде сенбілік жасалды

#Рысқұлов: Ауыл мешіттерінде сенбілік жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірнеше ауылдық мешіттерде сенбілік өткізіліп, тазалық жасалды. «Тазалық – иманның жартысы», - деген хадисті басшылыққа алған мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаттары мешіт ішіне және мешіт аулаларына тазалық жұмыстарын жасады. Және де келе жатқан Қасиетті Рамазан айына да жасалған дайындық шарасы еді.

 Бiз мұсылмандарға түскен мiндет – айналамыздағы қоршаған ор­та­ны таза ұстау. Ағаш отырғызып, табиғатты аялау. Негiзiнде мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қирату­шы емес дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi. Дінімізде қоршаған ортаны бүлдiрмеу ғана емес, оны қорғау да жиi насихатталған. Атап айтқанда, ағаш отырғызу мен құдық қазу дiни тағылымдарда мақталып, мұсылмандар осы iстерге жұмылды­рыл­ған. Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәсәлләм осы мәселенiң маңызы туралы былай дейдi: «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi болса, қиямет қайым басталып кеткенше қолындағы көшеттi егуге үлгеретiн шама болса, соны дереу отырғызып үлгерсiн»  – дейдi.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: