#Рысқұлов: Рысқұлов имамдары қасиетті айға дайын

#Рысқұлов: Рысқұлов имамдары қасиетті айға дайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың шақыртуымен ауданға қарасты барлық ауыл имамдарының қатысуымен алдағы Қасиетті Рамазан айына дайындық қылу мақсатында алқалы бас қосу өтті.

Имамдар жиналысында Рамазан айында атқарылатын іс-шаралардың жоспары талқыланып, ауыл имамдарына тиісті тапсырмалар берілді.  Жиынды ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы бастап, облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының оразаға қатысты берген тапсырмаларын баяндап, оның атқару жолдарын да көрсетіп берді.

Сонымен қатар, қасиетті айдағы жұмыстардың бес бағыт бойынша және қосымша бағыттар бойынша жүзеге асатындығын жеткізді. Жиналыс соңында Қойшыман имам дұға жасап, барлық әріптесіне осы айда Алладан сәттілік пен береке тіледі.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: