#БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы Ақжар ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ақжар ауылының имамы Туганасов Бауыржан ұйыдастырған бұл кездесуде сөз алған аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Бүгін сіздермен кездесудегі мақсатымыз жаназа, жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру. Қазақ халқы қаралы үйден ас ішпеген, қазаны үш күнге дейін төңкеріліп тұрған. Қазақтың «қазан төңкеру» деген ұғымы содан қалса керек. Қазіргі қоғамда қаралы үйдегі дастарханның той дастарханынан парқы жоқ. Қазақ «Өлім байдың малын шашады, кедейдің артын ашады», дейді. Халық басқадан қалмайын деп, несие алып, қарызға батқанын да көріп жүрміз. Осы себепті құрметті жамағат, қазалы үйде қазан асылмаса, қабір басында ата-атаға шапан беру, жерлеуге келген жұртқа ақша тарату тоқтатылуы тиіс», - деді.

Ауыл тұрғыны Әлмахан ақсақал халықты аудан бас имамы айтқан ұсыныстарды қолдауға шақырды.

"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: