Рамазан айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы.

Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі.

Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші Құран атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай.

Рамазан – құлдың шын ықыласпен тәубаға келіп, Ұлы Жаратушысына қайта бет бұру заманы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құранда парыз етілген оразаға ата-бабаларымыз ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сауабын жомарттығы мол Жасаған иенің өзі өлшейтіндігін, бес күндік тіршіліктің мәні құлшылықта екендігін, бұ дүниенің - бейнет, ақыреттің - зейнет екенін жақсы түсінген. Сол себепті ғапылдыққа ұрынбай, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жылына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен қарсы алған. Рамазан айында Жаратушының мейірімі төгіліп, рақымы жауатынын, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегесін дәріптейтін, пәни өмірдің - жалған, бақи өмірдің - арман екенін түсіндіретін жарапазан айтқызған. Ел бірлігінің ұйытқысы дінде екенін жақсы білген бабаларымыз тіршілігінде мұсылмандық міндеттерді халыққа насихаттап отырудан жалықпаған. Қол қусырып, құбылаға бет түзеу, ораза ұстап, бес уақыт намазды қаза қылмау - көкейіне жиғаны, көкірегінде иманы бардың белгісі деп білген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шынайы ықылас
Рамазан - тамаша тәрбие мектебі. Аллаһқа шынайы құл бола алмағандар уақыт өте келе құлға құл болып кетуі де ғажап емес. Мұның соңы адами қасиеттен айырылуға алып барады. Мұхаммед Иқбал Аллаһтан алыстап, құлдарға құл болудың бейшаралығын былайша жеткізген: «Мен иттің екінші иттің алдында бас игенін көрмедім».
Рамазан айының қадір-қасиетін ұғынып, оны бағалай білу - тәуһидке терең бойлап ақиқатты тану деген сөз. Сондықтан, қасиетті айда рухымызды оятып, сауапты істерімізді көбейтіп, Жаратушыға жақындай түсу қажет. Бұл үшін барлық ғибадаттарымыз мен құлшылықтарымыздың шынайылығына көңіл бөлген жөн. Жүректі тазартып, пейіл мен ниетті дұрыстау өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде:
«Қаншама жандар ораза ұстап, түнімен тарауих пен таһажжуд намаздарын оқиды. Алайда, (олардың ниетіне байланысты) аш қалу мен шөлдеу және ұйқысыз түндерден басқа олардың үлесіне ештеңе тимейді», - деген.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазанның адамзатқа рухани, әлеуметтік және медициналық жағынан пайдасы зор. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң, 20 рәкат тарауих намазы оқылады. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ-топ болып, жамағатпен оқиды.
Тарауих намаздың үкімі
Қасиетті Рамазан айында құптан намазының 4 ракағат парызы және 2 ракағат сүннетінен кейін, ер және әйел кісілер үшін жиырма ракағат тарауих намазын оқу - сүннет муәккәдә. Яғни, бекітілген сүннет амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тарауих намазының сүннет болу мәселесіне қатысты: «Хақ тағала сендерге оразаны парыз, тарауих намазын сүннет етті. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», - деген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Уақыт – адамның ең баға жетпес байлығы. Оның кейбір мезгілдері Аллаһтың мейірімі, кешірімі және кеңшілігі кемерінен толып таситын маусым саналады. Сол маусымдардың ең берекелісі, әрине қасиетті Рамазан айы екендігінде ешкімнің дауы болмас. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл айдың құндылығы мен берекетін ескере отырып, Шағбан айының соңғы күндерінде былай деген екен: «Ей, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбәрак айдың көлеңкесі төбелеріңе жақындап келді. Ол ішінде «мың айдан да қайырлы Қадыр түні» бар ай.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қасиетті Рамазан берекелі ай. Бұл кезде Алла тағала мұсылман үмметін көптеген құт-береке нығметтерге бөлейді. Ал Жаратқан ие нығметтерінің санына жету мүмкін де емес. Олардың кейбіріне адамзат ақылы жетпейді де! Соның бірі - "лайлатүл Қадір" түні. Ол Алла тарапынан Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар үмметіне сыйланған құт түндердің бірі.
"Лайлатүл Қадір"- сөздік жағынан алғанда, "қадірі ұлық", "әр сәті қымбат", "қасиетті" түн деген мағыналарды береді. Әрі бұл сөз өз болмысымен тағдыр түні мағынасына да келеді. Өйткені әр жылы осы түн ішінде адамзаттың және басқа да тіршілік иелерінің бір жылдық ризық-несібелері, дүниеге байланысты дәрежелері және туылатындары мен қайтыс болатындары анықталады. Бұл жайында: "Құранды Біз анығында, мүбәрак түнде түсірдік". "Сол түнде хикметті істің барлығы ("Лаухүл Махфуздан" "Кәтәбә" періштелеріне) бөлінеді". Ал, "Мұның (бөлінетін істер) барлығы - Біздің құзырымыздан бір бұйрық (тағдыр)..." ("Духан" сүресі, 3-4-5 аяттар), - делінген.