Мутавиф – Сауд Арабиядағы ең құрметті мамандық

Мутавиф – Сауд Арабиядағы ең құрметті мамандық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабияға қажылықтарын өтеуге келген қажыларды арнайы дайындалған діни гидтер-мутавифтер қарсы алады.

Мутавифтер қажылардың игілігі үшін 8 ғасырдан артық уақыт қызмет етуде.  Al Arabiyaтелеарнасының хабарлауынша, қажылық зерттеушісі әрі тәжірибелі мутавиф Ахмад Халябидің айтуына қарағанда, бұл мамандық Сауд Арабияда ұрпақтан ұрпаққа мұра болуда екен.

Ең алғашқы мутавифтердің бірі - сот Ибрахим бин Зухайра болған деп саналады, ол 1480 жылы Мысыр сұлтаны Әл-Ашраф Каир Бекті қабылдап әрі оның қажылық жөніндегі гиді болған.

Меккеде мутавифтердің жұмысын 1517 жылға дейін тек қана соттар атқарып келген екен, бірақ кейін келе бұл қызметті жоғары шенді тұлғалар атқара бастаған.

Осылайша, мутавиф мамандығы бірнеше отбасымен атқарылып отырған, ал өз кезінде Меккеге келген Сауд король бұл құрметті қызметті осы отбасылардың айрықша құзіретіне қалдыруды бұйырған екен.

Мутавифтер қажылардың аяқтары Сауд Арабия жеріне тиген сәттен бастап олармен жұмыс жасай бастайды – олардың әуежайдан мейманханаларға жетуіне көмектеседі және киелі жерлерде діни жораларды өтеулері үшін ілесіп жүреді.

muftyat.kz


 

«Шынайы мүміндер – Алланың аты аталғанда жүректері діріл қағады» («Әнфал» сүресі, 2-аят)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: