Енді жуық уақытта Таяу Шығыста смарт телефондары үшін Dubai Font шрифті іске қосылады. Осындай жазба жүйесін телефон өндіруші Huawei компаниясы ұсынған.
«Біз өз қолданушыларымыз үшін Dubai Font шрифтін ұсынушы алғашқы смартфон шығарғанымызға қуаныштымыз» дейді Huawei компаниясының өкілі Жина Хао. Алдын ала хабарға сүйенсек, аталмыш шрифт 23 түрлі тілдік нұсқада қолданылады.
Қазір бұл бағдарламаны Дубай мемлекеттік кәсіпорны өз жұмысына қолдануды бастаған. Еске сала кетсек, Dubai Font шрифті осы жылдың сәуір айында Дубай үкіметі қаулысымен Microsoft корпорациясымен бірлесе құрылды. Қосымша еркін қолдануға арналған.
Kazislam.kz
«Ең құнды амал – бір мұ-сылманның айыбын жабу, қарнын тойғызу немесе бір қажеттілігін қамтамасыз ету арқылы оны қуанту болып табылады» (Исфахани).